Серуен
|
Жәндіктердің ұшуын бақылау (Көбелек, маса, ара). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Тісі жоқ, ауызы бар,
Атқарар ісі бар.
(Ара)
Тақпақ.
Дастарқанды аралады,
Ет пен майды жағалады.
Өмір сүре берсінші деп,
Өлтіргем жоқ бал араны.
Бақылау. Күн жылына жәндіктер пайда бола бастайды. Жәндіктерді танып аттарын атау. Қоңыз, маса, көбелектер және оларды салыстыру. Жәндіктерді аялауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын. «Көбелектер, көлбақалар, тырналар». (дене шынықтыру)
Жәндіктердің өмірінен балалар достық қатынас тілектерін қолдануға тәрбиелеу.
Еңбек. Гүлзарды суару. (еңбек дағдылары)
Өздігінен өсімдіктерді суаруға үйрету. Гүлдер мен құралдарға ұқыпты қарап, жұмыстан кейін орындарын жинауға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар. Сумен ойнау.
Балалар арасында достық қарым- қатынастарын дамыту және оларға көмектесу.
|
Бақбақ гүлін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Кіп кішкентай қауғабас,
Шашы түссе дауламас. (Бақбақ)
Бақылау. Бақбақ гүлінің сары басты екенін бақылай отырып, көп күлтелерін күндіз ашылып, кешке жақын күлтелерінің жабылып тұратынын балаларға түсіндіру.
Қимылды ойындар: «Түсті автокөліктер». (
Өз бетімен атрибуттар мен көмекші-заттарды таңдай білуін, шартты ойын әрекетін орындауға талаптануын мадақтау.
Еңбек. Алаңдағы жұмыстар. (еңбек дағдылары)
Гүлзарға гүлдердің тұқымдарын егеміз. Егілген тұқымдарға су құямыз. Тұқымдарды еккенде арақашықтарын сақтау, еңбекке баулу.
|