Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)



бет4/11
Дата14.04.2023
өлшемі29,85 Kb.
#174552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
33 ересек

(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттау.
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру
"Құрсауға кіру".
Мақсат-міндеттер: балалардың саптан қатарға бірінің артынан бірі арақашықтықты сақтап, дене қалпын тік ұстап тұру қабілетін жетілдіру; жүріп келе жатып, қатарда жұппен тұра білуге үйрету.

Қазақ тілі
"Ағаш түрлері. Тақпақты мәнерлеп оқу "Аққайын"."
Мақсат-міндеттер. Ағаштың құрылымы туралы түсініктерін дамытуды жалғастыру; емен, қарағай, терек ағаштары жайлы мәлімет беру; «шырынды ағын» сияқты табиғи құбылыспен таныстыру; аққайыңның құрылымдық ерекшелігі жайлы білімдерін нақтылау; ізденімпаздыққа, байқампаздыққа, табиғатқа сүйіспеншілікке, ағаштарға қамқорлық танытуға тәрбиелеу. Қазақ тілін қабылдауды, қазақ тілінде өлең сөздерін нақты, дұрыс дыбыстауды, ағаштардың атауын еске сақтауды, аққайың құрылымының өзіндік ерекшеліктерін байқауды үйрету; артикуляциялық аппараттарын жаттықтыру, қиялдарын дамыту; әлемді эстетикалық қабылдау негіздерін қалыптастыру.


Музыка
"Туған жер".
Мақсат-міндеттер: балаларды әнді тыңдау кезінде оның сөздің мағынасын түсіну және музыкалық фрагментті басынан аяғына дейін мұқият тыңдай білуге және музыкалық аспаптарда ырғақты ойнай білуге үйрету.

Дене шынықтыру
"Құрсаумен жаттығулар".
Мақсат-міндеттер: балаларды қырлы тақтаймен жоғары-төмен жүру және жүгіру; қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіруге үйрету.

Музыка
"Туған жер". (қайталау)
Мақсат-міндеттер: балаларды әнді тыңдау кезінде оның сөздің мағынасын түсіну және музыкалық фрагментті басынан аяғына дейін мұқият тыңдай білуге және музыкалық аспаптарда ырғақты ойнай білуге үйрету.

Дене шынықтыру
"Құрсаумен жарыстар".
Мақсат-міндеттер: балаларды бағытты өзгертіп жүруге; жай қарқында үздіксіз жүгіру; затты тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) 1,5-2 м арақашықтықтан оң қолмен лақтыруға үйрету.

2- таңғы ас

Тағамның атауын есте сақтауға, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет