Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет27/29
Дата12.10.2023
өлшемі85,01 Kb.
#184998
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
кіші циклограмма қазан Бато2
111, 2020-2021 КТЖ, бато, Баланың жеке даму картасы
(Құрастыру)

Балалардың үйге қайтуы

Шалқан, бауырсақ мультфилімін бірге тамашалауға кеңес беру.
Ертегілер кітабын бірге қарауға кеңес беру.
Баланың үйдегі күн тәртібінде ойынның маңыздылығы тақырыбында әңгімелесу.

ТАҢЕРТЕҢГІ САУЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАР
Қазан айы

  1. Еденде (жерде) сызылған шеңбер боймен жүріп (10 сек) тоқтаған соң, балалар тәрбиешіге қарап көрсеткен қимылдарын орындайды. Бұрылу (оңға-солға)

  2. Бастапқы қалып: Шарды екі қолмен кеуде алдына ұстап тұрып, жоғары көтеру «Ұшты, Ұшты, шар ұшты».

  3. Бастапқы қалып: Тік тұрып, аяқтарды қатар қойылған, шар ұстаған кеуделерінің алдына қолдарын алға созып, оларды бүгіп, жазу.

  4. Бастапқы қалып: Жоғарыдағыдай еңкейіп шарларын ортаға домалату және соны ұстап өз орнына оралады.

  5. Бастапқы қалып: Оңға бұрылып шеңбер бойымен тәрбиешінің соңынан шарды оң бүйіріне қойып, оң қолдарымен ұстап жүру.

  6. Бастапқы қалып:алға, жанына, артқа қадам жасау

  7. Бастапқы қалып:аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу)

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР


Өз үйіңді тап


Ойыншылар 3-4 кішкентай аласа ұзынша орындықтарда отырады. Барлық балаларда әдемі үлкен ойыншықтар: бірінші тұрған ұзынша орындықта қуыршақ, екіншісінде –ит, үшіншісінде-мысық, төртіншісінде-аю, қояю. Тәрбиешінің «Серуенге шығамыз» деген нұсқауымен барлық балалар орындарынан тұрып тәрбиешінің соңынан жүреді.
Серуен барысында балалар түрлі қозғалыс қимылын орындайды (секіреді,жүгіреді, жүреді). Тәрбиешінің «Жаңбыр жауа бастады» деген нұсқауымен балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Ойынды қайталау барысында, тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орынын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез, адаспай табуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет