Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы



бет9/29
Дата12.10.2023
өлшемі85,01 Kb.
#184998
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
кіші циклограмма қазан Бато2

Ұйымдастырылған
іс-әрекеттер


Музыка

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Құстардың дыбысын тыңдату. Бұл ненің дауысы? Құстарға жанашырлық білдіруді үйрету. Қысқы азығын жинауға көмектесу туралы әңгімелесу.
(көркем әдебиет және сөйлеуді дамыту)
Бірдей құстарды топтастырып ойнату. түрлі көлемдегі
геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру. (Сенсорика)

Бір бірінің артына тұрып, құстар сияқты ұшып топ бөлмесінде серуен жасау. Топты аралатып, топтағы заттарды көрсету және атау. Оларды атап, не үшін қолданылатынын түсіндіру. Топтағы заттарды балаларға қолдануға беру. Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру. зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.
(сөйлеуді дамыту, сенсорика, қоршаған
ортамен танысу)

Балапанның дене бөліктерін (ажыратып және атай білуін пысықтау.
(Қоршаған ортамен таныстыру)
Фланелеграфқа балапан мен торғайларды топтастырып жапсыру. (жапсыру)

Терезеге қаратып, далада жел тұрып, жаңбыр жауып тұрғанын бақылату. Желдің дауысын уууу деп салуды. Саусақтарын алақанына ұрып, жаңбырдың тырс тырс дауысын салуды үйрету. Дала суық болғандықтан құстар жаурайды деп қимылмен көрсетуді жетілдіру. Олардың үйлері жоқ, олар түнде қайда ұйықтайды деп балалардың пікірін тыңдау. Жаңбыр, жел, күз сөздерін сөздік қорына қосу. (Сөйлеуді дамыту)
Оларға құрастыру құралдарынан үйшік жасайық деп ауызша нұсқау бойынша құстарға ұя жасауды үйрету
(сенсорика)

Құстардың қима суреттерін құрастырып, қандай құс екенін атау. Не білетінін айтқызу. Дыбыстарын, қимылдарын салуын пысықтау.
Сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға үйрету (сөйлеуді дамыту) Кітаптардан құстардың суретін тамашалау. Құстар бар кітаптарды
табуын жетілдіру. (көркем әдебиет)






















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет