Бәйтерек ауданы Подхоз негізгі орта білім беретін мектебі
Сауат ашу әлеміне саяхат
Мектеп алды даярлық тобы
ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тәрбиеші: Джаманбаева Жадыра Бауржанқызы
Білім беру саласы:«Коммуникация»,«Сөйлеуді дамыту», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу негіздері, сөйлеуді дамыту,сурет салу.
Тақырыбы: Сауат ашу әлеміне саяхат.
Білімділік міндеті: Өткен әріптер мен дыбыстардың жазылуын, оқытуын пысықтау, байланыстырып сөйлеуге үйрету,жазуға қолдарын жаттықтыруды жалғастыру.Сөз, буын, сөйлем тақырыптарын қайталау.Тірек сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыру, ребус, сөзжұмбақ шешу;
Дамытушылық міндеті: Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік міндеті: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу. Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: әріп қималары, әр балаға жеке касса, үлестірмелі суреттер,маркер, тірек сызбасы,карточкалар, цифрлар, үн таспа, айналар.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу, сұрақ-жауап, АТК.
Тілдің үштұғырлығы: дыбыс – звук- sound, сөз ойлау- придумать слово- invent , саяхат-путешествие-, сөйлем-предложение-, тапсырма-задание-,
әтеш – петух-cock
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Келген қонақтармен үш тілде амандасады.
-Здравствуйте!
-Сәлеметсізбе!
-Хэллоу!
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
-Балалар бүгін мен сендерді сауат ашу әлеміне саяхатқа шақырамын, онда кішкене шағын елдер бар екен, сол елдерде өздерінің сиқыршылары бар, олар әр түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды бергенді ұнатады.(әр тапсырманың қасына сиқыршы бейнелерін қою)
Ал саяхатқа қандай көлік түрлерімен баруға болады?
-Автобус, жеке көлік, ұшақ, пойыз, жолаушылар кемесі, су көлігі.
- Балалар саяхатқа қандай көлікпен аттанатынымызды 1 саны бар тапсырманы орындағанда білетін боласындар.
Енді орнымызға отырып, 1 саны бар тапсырманы орындаймыз ,нүктелерді бір-біріне қосамыз
Балалар қарындашпен нүктелерді бір-біріне қосып кеменің сұлбасын алады.
-Саяхатқа немен аттанады екенбіз?(Экраннан кеменің суреті шығады)
-Кеме
Барлықтарында кеме шықты ма?
-Ия
Тапсырманы дұрыс орындағандарын үшін мен сендерге мына әріпті тарту етемін?
Достарыңызбен бөлісу: |