әтеш – петух-cock
Астына қызыл, көк текшелермен белгілеп дауысты, дауыссыз екенің ажырату.
Балалар ,мынау қандай әріп екен?
-А, әрпі(фланелеграфқа «А»әрпін қоямыз)
Экранға назар аудару
-Балалар,келесі тапсырма, «Жоғалған буындар» деп аталады.
Буындардан сөз құрайды
М: Ба-қа,Со-на. Ба-ла
Бақа-лягушка-,
Келесі әріп, қандай әріп екен?
Й, әрпі
(фланелеграфқа «Й»әрпін қоямыз)
Келесі елге жеткенше біраз отырып тыңығып алайық
Сергіту жаттығуы:
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
Жанылтпашты қайталап, жаңылмай айтуға жаттығады.
-Балалар, келесі тапсырмаға назар аударайық
(Сурет қарастыру арқылы сөйлем түрлерін қайталау)
-Мен балабақшаға келдім.Қандай сөйлем?
-Хабарлы сөйлем.
-Неге хабарлы сөйлем?
-Өйткені хабарлап айтып тұр.
- Сен бүгін далаға шықтын ба?
-Қандай сөйлем?
-Сұраулы сөйлем
-Неге?
-Өйткені далаға шықтын ба,-деп сұрап тұр.
-Алақай!Алақай!, атам келді!
-Қандай сөйлем?
-Лепті сөйлем.
-Өйткені қатты қуанышын білдіріп тұр.
-Жақсы сендер бұл тапсырманы да дұрыс орындадындар, сол үшін сендерге мына әріпті дайындап қойыпты?
-Мынау қандай әріп?
-С әрпі (фланелеграфқа «А»әрпін қоямыз)
Саяхатымызды жалғастырайық.
Алдарындағы 7-ші нөмірлі карточканы аламыз.(Экранға шығару)
Мына үлгіге қарап автобустың дөңгелектері мен терезелерін штрихтап бояймыз. Ол үшін қолдарымызды жазуға дайындап, саусақ жаттығуын орындайық
Саусақ жаттығуы
Штрихтау технологиясы.
Балалар тапсырмаларды дұрыс орындағандары үшін Ы әрпін алады
(фланелеграфқа «Ы»әрпін қоямыз)
8- ші нөмірлі карточканы қарайықшы балалар мұнда әр түрлі заттардың суреті бар екен ия, сендер сол суреттерге сәйкес алдарындағы қима кассаларды қолданып сол сөздерді жазамыз.
Келесі тапсырма,( балалар ребустар шешеді).
Суреттер мен әріптерді құрап ребустар шешеді
-Мына жерде қандай әріп жасырыңып тұр екен?
Р әрпі (фланелеграфқа «Р»әрпін қоямыз)
Балалар бүгінгі тапсырмаларымыздың бәрін орындап болдық, енді тақтаға назар аударайық ,қандай сөз шықты?
Қол шапалақтау әдісі арқылы буынға бөліп айтқызады.
Жа-рай-сын-дар!
Балалар бір-бірлеріне жарайсындар деп көрсетеді.
Балалар осымен саяхатымыз аяқталды , балабақшамызға оралайық.
Бүгінгі саяхатымыздан қандай әсер алдындар?
Несімен қызықты болды?
Рефлексиялық-түзетушілік:
-Бүгін қайда саяхатқа бардық?
-Саяхатта қандай тапсырмалар орындадық?
-Бүгін қандай дыбыстарды қайталадық?
Достарыңызбен бөлісу: |