Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «Тапқыр достар» атты интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ ел тірегі»



Дата27.03.2018
өлшемі60,11 Kb.
#39661
Тақырыбы:"Тапқыр достар"

Мақсаты: Оқу іс-әрекетінің  әр саласынан білімдерін кеңейту. Балалардың  ой- өрісін, қиялдарын  дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік  қорын молайту.

Тәрбиеші:
Сәлеметсіздер ме құрметті сайыс қонақтары, балалар. Бүгінгі «Тапқыр достар» атты интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «Білімді ұрпақ - ел тірегі»- дегендей бүгін шағын орталық топтар арасындағы білім додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.
Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық
Сайысымыз 6 бөлімнен  тұрады.  

1-ші бөлім: Топтарды    таныстыру.

 2-ші  бөлім: Бәйге, сұрағын оқимын,сендердің  сұраққа  жауап берулерің, шапшаңдықтарың  белгілі  болады.

 3-ші бөлім: Кім жылдам?

4-ші бөлім: Жалғастырып көр? Қай ертегіден үзінді? Ертегіні атын айту , мазмұнын айтып беру.

 5-ші бөлім: "Жеті жұрттың тілін біл!" Екі тілде жұмбақты шешу.

 6-шы бөлім: Не қайда орналасады? Құрастыру.  

Енді жеребе тастайық. Ендеше, мына сандықшаның ішінен нөмірленген  кубикті алып сайысты қай топ бастайтынын білейік.

Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын

Адам меңгермейтін білім бар ма?


Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда! – деп сайысымызды бастаймыз.


1-ші бөлім:  Екі топ басшыларын таныстыру

  «Достар» тобы ұраны:

                                      Достар бірге  жүреміз,

                                      Бірге ойнаймыз, күлеміз.

                                      Бірге  сабақ  оқимыз.

                                      Міне,біздер қандаймыз!

                                      Бөлінбейді  іргеміз,

                                      Әрқашанда біргеміз.

  «Болашақ» тобына бізден жалынды сәлем!

«Болашақ» тобы   ұраны:    

Болашақ тобы алға

Биіктерге самға

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда

  «Достар» тобына бізден жалынды сәлем!



Тәрбиеші:  

-  Кімдер жүйрік, білімпаз біз білейік.

    Мектебіміздің   жеңімпазы деп жүрейік.

    Қазылардан тек қана  әділдікті,

    Ал сайыскерлерге  сәттілік тілейік!

    /Балалар  өздерін таныстырып  болған  соң, дөңгелек үстел басына  отырады./



1-ші «Достар» тобының сұрақтары.

2 бөлім: «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгіге еріңіз,


Шәкірттерге әділ баға беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Бұл бөлімде балалар қойылған сұрақтарға тез және нақты дұрыс жауабын беру керек.

1.Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)

2.Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)

3. Байланыс құралдарын ата? /телефон, компьютер,/

4.Тудың түсі қандай? ( Көк)

5.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)


 

6.Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер)

7.Төртбұрыштың неше бұрышы болады? (Төрт бұрышы)

8. Рәміздерді ата? (Елтаңба, Ту, Әнұран)

9. Құйрығы екіге айырылған құс? (Қарлығаш)

10.Далада қар борайды... өлеңді жалғастыр

11.Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)

12. Бір аптада неше күн бар? (Жеті)

13.Бағдаршамның неше көзі бар, оларды ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
14.Біз қай қалада тұрамыз? (Атырауда)

15.Үй жануарларын ата? (Қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)

16. Жыл басына нелер таласты? (Хайуанаттар)

17.Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)

18. Дөңгелектің бұрышы бола ма? (Болмайды)

19. Аяз ата қай мерекеде келеді? (Жаңа жылда)

20. Мақалды жалғастыр: Отан -.... ( оттан да ыстық)

3-ші бөлім. "Кім жылдам?" Әр оқушыға жеке тапсырма беріледі.Сол тапсырмаларды кім тез орындайды.

    


4-шы бөлім.  "Жалғастырып көр"

Оқыған үзіндіден ертегінің атын табу.  

Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын,-деді.

-Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менімен бірге тұрасын. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасын,-деді. 



5-ші бөлім. "Жеті жұрттың тілін біл!" Екі тілде жұмбақты шешу.

Ана тілің - арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» - деп жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

Бұл турда жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар екі тілде айту керек.


(Қазақша, орыс, ) Жұмбақ шешуін бір тілде айтқан топқа – 5 ұпайға ие болады, ал екі тілде айтқан топ– 10 ұпайға ие болады. Бұл сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1. - Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю - медведь - bear)


2. - Жылт - жылт етеді, жырадан өтеді. (су - вода - water)
3. Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді. (Қар - снег - snow )
4. Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ (тұз - соль - salt )
5. Жеті қазынаның бірі - адамды күзетіп жүретін досы.(ит – собака - dog

6-ші бөлім"Не қайда орналасады?" Сурет арқылы құрастыру

2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)


1. Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)
2. Бағдаршамның көздерін ата? (Қызыл, сары, жасыл.)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
6. Біз қай қалада тұрамыз? (Атырауда)
7. Дыбыстың жазба таңбасы қалай аталады? (әріп)

8. Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жеміс - жидектер)


9. Бір тәулікте неше мезгіл бар? (5 - таңертең, түс әулеті, бесін немесе түсқайта, кеш, түн)
10. Қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, картоп бұлар нелер, қалай аталады? (көкөністер)
11. Сөздер неге бөлінеді? (буынға)
12. Жыл басына нелер таласты? (хайуанаттар)
13. Адам тіршілігіне қажетті жылуды қайдан алады? (Күннің көзінен)
14. Мақалды жалғастыр: (Отан – оттан да...................)
15. Қ. Р. Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)
16. Төрт түлік малды ата? (қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі)
17. Сөйлем неден құралады? (сөзден)
18. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге - дауысты, дауыссыз)
19. Түйенің төлі қалай аталады? (Бота)
20. Құйрығы екіге айырылған құс? (қарлығаш)
21. Адамның көру мүшесі? (көз)
22. Аяз ата қай мерекеде келеді? (жана жылда)
23. Қыста ұйқыға кететін аң? (аю)
24. Тудың түсі қандай? (көк)
25. Нанды қайда пісіреді? (наубайханада)
2 тур. «Жеті жұрттың тілін біл».
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілінді құрметте» - деп жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

Келді кезек жұмбақты шешуге,


Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт соған несібе.
Бұл турда жұмбақтар жасырылып, оның шешуін балалар үш тілде айту керек.
(Қазақша, орыс, ағылшын) Ойыншылардың есіне жауап тетікті баспай қабылданбайды. Жұмбақ шешуін екі тілде айтқан бала – 5 ұпайға ие болады, ал үш тілде айтқан бала – 10 ұпайға ие болады. Бұл сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет