Оқу іс-әрекетінің барысы: Балаларды шығарманы қабылдауға шақыратын және олардың қиялдарын анықтайтын кіріспе әңгіме, эмоционалдық сезімді тудыратын көркем суреттерді пайдалану.
Көркем шығармаларды оқу.
Сөздік жұмыстар.
Суреттерді қарау (шығарманың қай бөлімі суреттелгенін сұрау).
Сұрақтар бойынша әңгіме. Сұрақтар қою арқылы төмендегілерді анықтау қажет:
а) Балалардың шығарма мазмұнын түсінген, түсінбегенін?
ә) Қандай жаңа нәрселерді білді?
б) Кейіпкерлердің негізгі сипаттары, олар балаларға несімен ұнағанын?
в) Әдеби шығарманың көркемдік қалпын ашатын сұрақтар (автор қайсыбір оқиғаны қалай сипаттайды, оны немен салыстырады, балаларға қандай сөздер мен тұжырымдамалар).
Нұсқау беруге болады, сөздер мен сөйлемдерді естеріне салу, оларды барлығына бірге қайталату.
Қайталап оқу (есте сақтау қабілетін жақсартады).
Іс-әрекеттің төмендегідей түрлерін қолдануға болады:
Дайын жоспар бойынша мазмұнын айту.
Балалардың таңдаған шығармаларының (2-3 шығарманың біреуін таңдау) мазмұнын айту.