Балабақша тәрбиешісіне қойылатын талаптар мен міндеттер
Бала тек адамның жеке басының тікелей тиегізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі баланы жан-жақты дамытып тәрбиелеуде, өмірге, ең-бекке даярлауда педагогикалық білімі мен тәжірибесін қолдана білетін, өз ісіне жаупты қадірлі қогамдық міндеттерді атқарады.
Балабақша тәрбиешіснің міндеттері: баланы дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету; өз тобындағы әрбір бүл-діршіннің қызығушылығына, қажетіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарау; баланың денсаулығын сақтауға, қогрғауға байланысты дәрігер талабын орындау; балаларды отбасында, балабақшада тәрбилеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізу; қалалық, облыстық әдістемелік бірлестіктерде, балабақшада педагогикалық кеңесжұмысына қатысу; өз жұмыстары туралыжоспар құру, есеп беру, әрбір саббақта ұқыпты дайындалу.
Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін бағалай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндері алатын адам болу керек. Оның мәдениеттілігінің көрсеткіші – әдептілігі, қоғамдық орындарда өзін сыпайсы, еркін, ортаға лайлықты ұстай білуі, өнегелі тәртіпті, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым- қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, кұрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі зор болады.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде оң әсерін береді. Өйткені балалар тәрбиешіге барлық жажағынан еліктейді. Сондықтан ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты болуына мән беруі қажет. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жаманды да тез қабылайды. Тәрбиеші балалардың жақсы досы болуы керек. Алайда баланы екркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелеу де қажет.
Тәрбиешіге қойлайтын талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: |