Тәрбиешілерге арналған жадынама



бет23/34
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#118747
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР МЕН ЦИКЛОГРАММАНЫ ҚҰРАСТЫРУҒА




ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР



МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ
ПО СОСТАВЛЕНИЮ ПЕРСПЕКТИВНОГО ПЛАНА И ЦИКЛОГРАММЫ В ДОШКОЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЯХ

Астана ,2018 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығында әзірленген

Мектепке дейінгі ұйымдарда перспективалық жоспар мен циклограмманы құрастыруға әдістемелік ұсынымдар - Астана, 2018 ж – 53 бет.




Пікір жазғандар:


А. Салиева, п.ғ.к.
А. Мухамеджанова, меңгеруші Г. Алиева, әдіскер


Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық процесті жоспарлаудың негізгі тәсілдері ұсынылған.
Аталған құрал мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагог қауымға, педагогикалық ЖОО мен колледждердің студенттеріне арналған.


Әдістемелік ұсынымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылған (2018 ж. 5 сәуірдегі № 3 хаттама).

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, 2018


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері:
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту;
-балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған иннновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
-мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жоспарлаудың қолданыстағы тәжірибесін
талдау, бұл мәселенің қызметін жаңа бастаған педагогтер үшін әлі де күрделі екендігін көрсетті. Дәстүрлі түрде «балаларды үйрету» жұмысы бүгінгі күн талаптарына сәйкес келмейді. Себебі Циклограммада педагогтер мысалы
«балалар өзбетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау» сияқты басқа тәсілді көрсетуі мүмкін, педагог балаларға бұрынғыдай дайын шешімді ұсынуға асықпайды, оларға ойлануға, талаптанып көруге және өздері шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Аталған әдістемелік ұсынымдар педагогикалық процесті жоспарлауда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет