Циклограмма-бұл балалармен алдағы табысты жұмыстың түрін, мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану тәртібі.
Циклограмма құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық-
дамытушы ортаны қалыптастыру.
Циклограммада өтпелі тақырыптарға сәйкес балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, әрбір күн тәртібі сәттерінің ұзақтығы анықталады.