Тәрбиешілерге арналған жадынама


ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН



бет32/34
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#118747
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН


ӨТПЕЛІ ТАҚЫРЫПТАР

Күнтізбелік айдағы тақырыптар саны мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, маусымдық шараларға, аймақтық және климаттық ерекшеліктерге және т.б. байланысты өзгеруі мүмкін.


Өтпелі тақырыптарды мақсатты тұжырымдау жас тобына, білім беру салаларына, ұйымдастырылған оқу қызметтері түрлеріне байланысты.
Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы жан-жақты дамытуға Үлгілік оқу бағдарламасын тиімді іске асыруға бағытталған мынадай өтпелі тақырыптар
ұсынылады, олар:
1.«Балабақша» – балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.

  1. «Менің отбасым» – отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің міндеттері туралы; отбасындағы жағымды өзара қарым- қатынасқа тәрбиелеу, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне

сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

  1. «Дені саудың жаны сау» – баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, мектепке дейінгі ұйымда, тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттіліктерін қолдана отырып,

балалардың белсенді әрекетке қажеттіліктерін байытуға бағытталған.

  1. «Менің Қазақстаным» – балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.

  2. «Табиғат әлемі» – тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары,

маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған.

  1. «Бізді қоршаған әлем» – қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды,

адамгершілік нормаларын, төзімділікті және адамдарға құрмет танытуды
сезінуін қамтамасыз етеді.

  1. «Салт-дәстүрлер және фольклор» – Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыруға, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

8.«Біз еңбекқор баламыз» – қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыруға,
еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның

қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға; шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.



  1. «Әрқашан күн сөнбесін» – балалардың бойында адамгершілік қасиеттерін жақын адамдарына сүйіспеншілік, оларға қамқорлық жасауға

ынтасын, өзінің туған еліне, қаласына, ауылына құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.

  1. «Өнер көзі – халықта» – адамгершілік-патриоттық тәрбие, өзін-өзі тану, қоршаған ортамен, Қазақстан халқының және басқа елдердің салт-дәстүрімен, өнерімен таныстыру.

  1. .«Мен және қоршаған орта» – табиғатпен таныстыру, экологиялық тәрбие, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру, адамдар және

олардың мамандықтарымен таныстыру.

  1. .«Тірі және өлі табиғат» – тірі және өлі табиғатпен таныстыру, табиғатпен өзара әрекет ету, оларға ұқыпты қарау білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

  2. .«Жабайы табиғат әлемі» – ғаламшардағы флора мен фаунамен

таныстыру, экологиялық тәрбие.

  1. .«Біз мектепке барамыз» (мектепалды даярлық топқа арналған) – мектеппен таныстыру, мектепке әлеуметтік бейімделуге даярлау.

  2. .«Қош келдің Алтын күз!» – күздегі табиғат құбылыстарының өзгерістерімен, Қазақстан өңірлеріндегі түрлі климаттық жағдайларымен (оңтүстік пен солтүстіктегі күзгі ауа-райы), күздің түрлі мезгілімен

таныстыру: ерте күз, алтын күз, кеш келген күз – астық өнімін жинау мезгілі.

  1. «Қызықты қыс мезгілі!» – қыстағы табиғат құбылыстарымен, оның өзгерістерімен, қыстың қызықты мерекелерімен және ермектерімен таныстыру.

  2. «Алғашқы тамшылар» – түрлі өңірлердегі көктемнің түрлі мезгілімен, көктемдегі жеміс-жидектерді отырғызу, олардың табиғаттағы өзгерістерімен таныстыру.

  3. «Жайдары жаз келді!» – жаздағы табиғат құбылыстарымен, оның өзгерістерімен таныстыру, жаз – адам ағзасына жеміс-жидектер арқылы келетін табиғат дәрумендерінің мезгілі.

  4. «Жомарт күз» - бау-бақшалардан, егін алқабынан мол өнім жинау туралы білімдерін қалыптастыру, татулыққа, бірлікке, өзара көмек көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

  5. «Ас атасы-нан» - егін науқанына дайындық: егін алқабын жырту,

бидай тұқымын себу, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру; дихан, наубайшы еңбегімен таныстыру, олардың еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.

  1. «Жыл құстары» - жыл құстары, олардың жылы жаққа ұшып кету себептері туралы білімдерін кеңейту. Жыл құстары көктемде туған жерге қайта оралып, ұя салады, балапан басып шығарады.




  1. «Жайнай бер, Қазақстаным!» - Отан – туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың, туған-туысқандарың деген түсінік беру. Отанға деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

  2. «Алақай, қыс келді!» - балалардың қыс

мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Қыс мезгілі өзінің аппақ қарымен, сықырлаған аязымен, көк айдын мұзымен ерекше. Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер көздің жауын алады. Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі - қысқы ойындар: шанамен, шаңғымен сырғанау.

  1. «Қыстайтын құстар» - қыстайтын құстар туралы мәлімет беру. Қыста құстарға азық табу қиын, сондықтан олар қыс кезінде адамға жақын жүреді.

Құстарға жем шашуды ұмытпау керек. Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы зор, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

  1. «Қыс қызығы» - балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу, Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білу.

  2. «Қош келдің, Жаңа жыл!»- балалардың көптен күткен қуанышқа толы

ең ғажайып мерекелердің бірі жаңа жыл туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңа жылды қарсы алу, аяз ата мен ақша қардың келуі, жаңа жылдық сыйлықтар мен ертегілер, әндер мен билер арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау.

  1. «Күз сыйы» - көкөніс пен жеміс-жидектердің бау-бақшада өсетіні, олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендерің адам денсаулығына

маңызы туралы түсініктерін кеңейту. «Жомарт күз» деп неліктен аталатынын
түсіндіру, күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.

  1. «Жаңа жылдық сыйлықтар» - туысқандарына және достарына сыйлықтар дайындау, өз қолдарымен тартымды сыйлықтар жасай білуге баулу.

  2. «Аңдардың қысқы тіршілігі»- балаларға жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Олар қыстың суығынан қалай қорғанатынын, сыртқы бейнелері неліктен өзгеретінін, немен қоректенетін, қыста жануарларға

қамқорлық қажет екенін түсіндіру.

  1. «Қардың пайдасы» - қар жерді қатты аяздардан, ағаштардың, бұталардың және көп жылдық өсімдіктердің тамырларын тоңып қалудан

қорғайтыны, қардан мұз қалашықтар тұрғызуға, шанамен және шаңғымен сырғанауға, қардан мүсіндер жасауға қажет екені туралы түсінік беру.

  1. «Көктем жаршысы – құстар»- жыл мезгіліне байланысты табиғатта

болатын өзгерістер, көктемде жыл құстары туған жерге оралып, ұя салып, балапан басып шығаратыны туралы түсінік қалыптастыру.

  1. «Жылғалардан су ақты» - жыл мезгілдерін ажырата білу, көктемде күн шуағының жылуымен қар еріп, сай-салалардан, жылғалардан сылдырап су ағады, табиғат ерекше күйге енеді, алғашқы бәйшешектер өсіп шығады.

  2. «Ғарышқа саяхат» - ғарыш әлемі: зымыран, ғарышкер жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын

қалыптастыру. Жерді қоршап тұрған планеталар: Күн, Ай, олардың қозғалыстары, күн жер бетіндегі адамдардың өміріне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне қажет жылу мен жарық шашатыны туралы түсіндіру.



  1. «Жер-Ана!» - Жер – біздің ортақ үйіміз, өзен, көл және теңіздер мен мұхиттар, таулар, орман мен дала туралы түсінік беру. Жер-ананы сүюге,

қадірлеуге тәрбиелеу

  1. «Аспан әлемінің планеталары» - балалардың ғарыш, аспан, Жер, Ай, Жұлдыз планеталары және күн жүйесінде 8 планеталардың бар екендігі туралы білімдерін қалыптастыру. Олардың барлығы Күнді айнала қозғалады. Сол планеталардың бірі-Жер. Күн- үлкен және ең ыстық планета. Ай- Жер

серігі, ол тек түнде ғана көрінеді. Басқа планеталар – Юпитер, Сатурн, Шолпан, Меркурий, Марс, Уран, Нептун, Плутон туралы әңгімелеп беру.

  1. «Бір шаңырақ астында» - Қазақстанда тұратын барлық халықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, олардың тарихына, салт-дәстүрлеріне, ұлттық киім әлементтеріне қызығушылық тудыру; мәдени мұрасына, түрлі ұлттардың отбасылық дәстүрлеріне тарту, халықтар достығы- біздің тәуелсіз еліміздің басты игілігі екендігі туралы түсінік қалыптастыру.

  2. «Бейбітшілік қорғанында» - туған елін сүюге, еліміздің қарулы күштеріне мақтаныш сезімдерін, Отан қорғаушы-жауынгерлерге оң көзқарастарын тәрбиелеу. Батыл, ержүрек Отан қорғаушылар болуға баулу.

  3. «Көктемгі ағаштар» - көктемнің келуімен табиғатта болатын өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту, туған өлкесінің табиғатына, өсімдіктер әлемін

зерттеуге қызығушылық тудыру, білуге құмарлықты, байқағыштықты дамыту.

  1. «Көктемгі егістік» - ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, көктем мезгіліндегі ауыл шаруашылық жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту: жер жырту, егістік (егін егу, тұқым себу) жұмыстары. Танымдық қызығушылықты, білуге құмарлықты дамыту.

  2. «Табиғаттың гүлденуі» - балалардың қоршаған орта, экологиялық мәдениет, көктемде өсімдіктердің гүлденуі туралы бастапқы түсініктерін

қалыптастыру, табиғат құндылығы және табиғатта өзін ұстай білу ережелері туралы білімдерін дамыту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

  1. «Жаз да келді көңілді» - табиғат әлемінің алуан түрлілігі, табиғатпен

үйлесімді өмір сүрудің қажеттілігі, экологиялық сана, салауатты өмір салты негіздері туралы білімдерін кеңейту, дене қасиеттерін дамыту, ағзаны шынықтыру және эмоционалдық- еріктік сапаларын тәрбиелеу.

  1. «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» - ересектердің мамандығы туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандықтарға қызығушылықты дамыту, ересектердің еңбегінің маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру, адамдардың өмірінде барлық мамандықтардың маңызды екенін түсіндіру, ересектердің еңбегіне мейірімділікпен, құрметпен қарауға, оларға көмек көрсетуге тәрбиелеу.




  1. «Техника және біз» - техника әлемімен, оның ерекшеліктерімен және түрлерімен таныстыру; механизмдердің құрылысы, олардың әрекет ету принциптері туралы түсінік беру, заманауи техника адамға қоршаған ортаны өзгертуге, түрлендіруге септігін тигізеді, адамның күрделі ойлануын талап ететін жұмысын жеңілдетуге көмектеседі, құрастыруға және нақты техникалық мамандықтарға қызығушылық тудыру.

  2. «Ертең сабақ басталады» - баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығын, жаңа өмірге, алдағы болатын өзгерістерге, жағдайларға ережелерге, талаптарға оң көзқарасын қалыптастыру.

  3. «Өнер көзі – халықта» - өз халқының тарихы мен мәдениетіне, өнер туындыларына, мәдени мұраны тануға қызығушылықты қалыптастыру, халық

кәсібімен таныстыру, ұлттық мәдениетті, туған өлкенің тарихы мен салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

  1. «Мен және қоршаған орта» - экологиялық мәдениет негіздерін және шығармашылық ойлауды, қоршаған орта туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыруды; табиғатқа қамқорлық танытуды, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, табиғаттағы және тұрмыстағы қауіпсіз мінез- құлық дағдыларына баулуды қарастырады.

  2. «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде» - планетаның су ресурстары, су асты әлемі, оны мекендеушілер, олардың құрылысы мен жауларынан қорғану тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру, білуге құмарлықты, танымдық қызығушылықты дамыту, табиғатқа қамқорлықпен қаруға тәрбиелеу.

  3. «Әрқашан күн сөнбесін» - Отанға, отбасына, туысқандарына,

достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, айнласындағы адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болуға, оларға қамқорлық жасауға баулу.

  1. «Көлік» - көлік түрлері, көлік жүргізуші, көлік бөліктері туралы білімдерін кеңейту, көлік құралдары арасындағы айырмашылықты (қоғамдық, жеке және т.б.) табуға үйрету, ойлауды, қабылдауды, зейінді, есті дамыту, көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

  2. «Ғажайыптар әлемінде» - балалардың шығармашылық қабілеттерін,

ақыл-ой әлеуетін, ойлауын, қиялын дамытуға, дербес әрекетке ұмтылысын, белсенді әлеуметтенуін қалыптастыруға, адамгершілік және эстетикалық сезімдерін оятуға бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет