Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг жоспары: Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы». Мақсаты



Дата01.05.2017
өлшемі53,68 Kb.
#15280
түріСеминар
Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг жоспары:

Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы».

Мақсаты: Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу. Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.

Қатысушылар: тәрбиешілер.

Жұмыс түрі: топтық жұмыс.

Тәсілі: тәжірибелік жаттығулар, жағдаяттар тапсырмалары, сұрақ-жауаптар.

Көрнекілігі: ноутбук, интерактивті тақта, магнит тақтасы, сұрақ карточкалары.

Алтын ереже:

  • Ойымызды ашық айтамыз;

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз;

  • Бір-бірлеп сөйлейміз;

  • Белсенді қатысу;

  • Бір-бірімізге сый көрсету.

Семинар эпиграфы:

«.....Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса

Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса»

  1. Шаттық шеңбері

  2. Әртүрлі тренингтер

  3. Баяндама

  4. Сергіту сәті

  5. Сұрақ-жауап ойыны

  6. Педагогикалық жағдаяттар тапсырмалары

  7. Релаксация

  8. Рефлексия




  1. Құрметті әріптестер, сәлеметсіздер ме! «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы»

атты семинар-тренингке қош келдіңіздер! Бүгінгі таңда ΧΧΙ ғасыр талабына сай, жаңашыл, мейірімді, кәсіби шебер маман болуымыз қажет. Бүгінгі семинар-тренинг кәсіби шеберліктеріңіздің артуына, топпен жұмыс жасауды дамытуға ықпалын тигізеді деп сенемін.

(Кірерде 2 түрлі жалаушалар таратылады. Өз жалаушаларына сәйкес жалауша қойылған стөлге жайғасады.



  1. «Амандасып алайық» ойыны.

Мен алақанымды соғамын, сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, мұрындарыңызбен амандасыздар.

«Сен кімсің» ойыны.

Мақсаты: өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту.

Барысы: қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйреленіп қойған қағаздағы сұраққа жауап жазу керек. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.

Бұл кезеңде топта гештальтерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?

«Сыйлық» ойыны.

Мақсаты: рефлексия процессін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.

Барысы: ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-біріңізге, яғни өзіңіздің сол жағыңызда отырған көршіңізге сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлык жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей болуы керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.

Талқылау:



  1. Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?

  2. Қандай сыйлық сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?

  3. Сізге сыйлық ұнады ма?

  4. Қандай әсерде болдыңыз?




  1. Баяндама

«Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері»


  1. Сергіту сәті.

«Поезд жаттығуы». Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Біріншілер – алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тақылдату. Екіншілер – екі шапалақ, бір тоқылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады. Бірінші-екінші-бірінші-екінші т.с.с шеңбер бойынша пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысында қарқын үнемі тездетіледі. Ұзақтығы 2-3 мин.

  1. «Сұрақ-жауап» ойыны.

1-карточка

  1. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың күнделікті серуен уақытының ұзақтығы? (4-4,5 сағаттан кем емес)

  2. 5-жастағы балалардың ҰОІӘ ұзақтығы? (20 минут көп емес)

  3. Қазақ ертегілерінің кем дегенде 10 атаңыз.

2-карточка

  1. «Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты? (мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту.

  2. 4-жастағы балалардың ҰОІӘ ұзақтығы? (15 минуттан көп емес)

  3. 3-7 жас аралығындағы баланың күн тәртібінде «Өз бетінше қызметі» қанша уақытын құрауы керек? (3-4 сағат)




  1. Педагогикалық жағдаяттар.

  • 5-жастағы Арман көбелек қуып жүріп құлап қалады. Аяғының жарақатынан қатты бақырып жылайды. Тәрбиеші қасына жүгіріп келіп, қолынан ұстап бар дауысымен: «Жылама, жылама! Сен әлсіз болмау керексің.»-дейді. Біраз уақыт өткен соң, екпе салдырған Арман тағы да қатты бақырып жылайды. Оны көндіруге тырысқан үлкендер: «Сен жігітсің! Ұялмайсың ба жылауға? Ұят болады»-дейді. Сол оқиғадан кейін қолын қысып алып жылап отырған қызға Арман бар дауысымен: «Жылауық, жылауық! Әлсіз, қорқақ»-деп мазақтайды.

  • 6-жастағы Жансая бейнелеу сабағында тәрбиешінің «Көктем келді» тақырыбында сурет саламыз деген тапсырмасына «Мен сурет сала алмаймын» деп параққа жазып береді.

  • Серуеннен ішке кіріп жатқан балалар асығыс киімдерін ауыз бөлмеде ауыстырып жатты. Киімдерін ауыстырып болғандары жүгіріп топқа кіріп жатты. Топқа кірген тәрбиеші фикус гүлі отырғызылған құмыра гүлімен бірге сынып жатқанын көреді. «Кім сындырды?»-деп айқай салады тәрбиеші. «Мақсат, Мақсат ғой. Үнемі сол бәрін бүлдіреді»- деп шулады топтағы балалар. Ауыз бөлмеде киімін ауыстырып жатқан Мақсатты шақырып: «Тағы сен бе бұзықтық жасаған? Бұрышқа тұр!»-дейді тәрбиеші.

  • Топта балалар «Тығылмашақ» ойнап жатты. Ал тәрбиеші сабағына материал дайындап отырған. Осы сәтте балабақша меңгерушісі кіріп келеді. Меңгеруші тәрбиешіге ескерту жасады. Тәрбиеші балаларды жазалады.

  1. Релаксация

Баяу музыка ойнап тұрады. Релаксацияға арналған жаттығулар.

Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Судың әуені, шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы демалдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Терең дем алыңыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізді күні бойына жетер жігер, қуат алдық, біз көңілдіміз! Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді, бақытты, керемет жандармыз! Енді ақырын-ақырын көзімізді ашамыз. Бір-бірімізге сүйіспеншілікпен қараймыз!



  1. Рефлексия

Құрметті әріптестер, біздің кездесуіміз аяқталып келе жатыр. Сондықтан өз ойларымызды ортаға салып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық! Тренинг сіздерге не берді? Қандай сезімде болдыңыз? Ұсыныс-тілектеріңізді айтыңыздар!

Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін!



Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

«Құлыншақ балалар бақшасы»


Тәрбиешілерге арналған

психологиялық тренинг

Өткізген педагог-психолог: Токсеитова Ж.А.

2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет