Тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі»
30.11.2017 oquzaman 0 Комментариев
Кожабаева Жазира Рустембековна директор КГКП «Ясли-сад №10 г.Сатпаев» Н.Ә. Назарбаев жодауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын.
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселлесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет білім, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады. Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұнә білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін құзыреттілікке бес білім саласын меңгерілуі қажет.
Денсаулық құзыреттілігі:
Баланың физикалық денсаулығын ойлау, қозғалыс дағдыларын меңгеру. Денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеру.
Тілдік қатынас құыреттілігі:
Тілдің дыбыстық мәдениеті. Сөздерді орынды қолдау, дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу. Байланыстыра сөйлеу, шығармашылық тілді меңгеру, қатынас мәдениетін сақтау.
Танымдық құзіреттілігі:
Заттардың қасиеттерін бағдарлау, қоршаған ортаны тану, құрастырылымдық дағдылар, қарапайым математикалық ұғымдар, іздеу және эксперименталды іс – әрекет.
Әлеуметтік құзіреттілігі:
Мінез – құлық дағдылары, ересектеп мен құрдастарының өзара іс – әрекеті, адамгершілік шаралары туралы қазақ және Қазақстан Республикасында тұратын мәдени құндылықтарын түсінуге мүмкіндік беру.
Шығармашылық құзіреттілігі:
Музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық таныту. Нәтижелі, көркемдік іс – әрекет, (түс, пішін, композиция, бейнелеу құралдары т.б.). Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау (эмоционалдық сезіммен). Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа техналогияларын пайдаланады. Технология – білім мазмұнын жүзеге асыратын кең ұғымды әдіс – тәсілдер жиынтығы.
Оқу іс – әрекетті жоспарлағанда тәрбиешінің білімділігі, ізденімпаздығы, меңгертуі, педагогикалық шеберлігі аса маңызды. Балалардың оқу іс – әрекет үстінде көңіл – күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, ойлауға, танымдылығын дамыту үшін пікір алуысу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты болмақ.
Тәрбиеші баланы жігерлендіруші қуат беруші. Орыстын ұлы жазушысы Л.Н. Толстойдың «Баланы өз әке – шешесінің сезіміндей жақсы көрген ұстаз ғана нағыз ұстаз» деген даналық сөзінің үлкен мәні бар.
Тәрбиешінің атқаратын ең басты алғы шарты сәбилерді жақсы көре білу. Сондықтан тәрбиешіге зор талаптар жүктеледі. Балабақша жүргізіп жатқан жұмыс бағыты ата – бабадан қалған салт – дәстүрлерге, адамгершіліккке балаларды баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Осыған орай бала тәрбиесіне жүргізіп отырған іс – тәжірибенің негізгі міндеттеріне тоқтала кетсек. Осы міндеттерді орындау барысында балабақшада көптеген жұмыстар атқарылуда әртүрлі тақырыпты қамтитын әр білім саласындағы оқу іс – әркеттерді іс – тәжірибеде алмасу мақсатында көсетіліп, қамтылады.
Тиімді оқыту әдістерінің бірі – оқытудың интерактивті әдістерін оқу іс – әрекеттерде пайдалану. Интерактивті әдіс деп отырғанымыз бірлесе жоғары деңгейде әрекет ету, яғни, оған іскерлік ойындар, рольдерді орындау, іскер театр, дамытушылық, логикалық ойындар т.б. жатады. Осы әдістерді әрбір саласының денсаулық, қатынас, таным, әлеуметтік, шығармашылық құзіреттілігінде пайдалана отырып, қоғамның талабына сай өркениетті, дамыған елдердің білім деңгейіне жеткізуге, жеке тұлғаны жоғары дейгейде қалыптастыру мақсатына бағыттап, жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай ойынды алатын болсақ, ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспейді, жан – жақты дамымақ емес. Ойын – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. В.А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын – дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз дүние туралы түсінің алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» — деген.
Расында, ойын балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, шығармашылыққа, мықты белсенділікке, өз – өзін дамытуға мүмкіндік береді.
Республикамызға белгілі педагог Қ.Қайым оқу тәрбие саласында қолданатын ойындарды 3 топқа бөлген. Білім саласының ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне үстел – үсті, қимылды. Рольді, кейіпкерлендіру, танымдық ойындарды көбірек қолданамын. Мысалы, интеллектуалды ойын «Ойна да ойла, балақай!»
Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбилік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі- халықтық ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілердің рухани өресі кең өсіп- жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл- ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, тәрбиеленушінің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «… өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек- көк серек» т.б. ойындарын,ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертегіден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлттық ойындар еді.
«Бесік жырынан» бастап ұлттық ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек- талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге- өсиет сөздерін күнделікте тіршіліктетәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге- өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әртүрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жандүниесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту қажет.
Сөзімді қорытындылай келе айтарым,педагог жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны жөн, одан ұтпаса, ұтылмайды. «Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланып, балаларды кіші жастан ақпараттық сауаттылықпен қамтамасыз ету қажет» деген Елбасы тапсырмасына орай жаңа технологияны меңгерген педагог өркениетті ел болашағын ойлайтын, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты тәрбиелей алады.
Демек жаңа технологиясымен қарауланған педагог ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. XXI ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.