Шая суару-топырақтағы тұзды шаю үшін күзді күні немесе ерте көктемде жүргізеді. Күздік және шая суаруын біріктіріп жүргізген тиімді болады.
Өсімдіктерді сумен қамтамасыз ету жолында суарудың екі түрі болады: мезгілді және бір рет суару.
Мезгілді суарудегеніміз өсімдікті еккен күннен жинап алған күнге дейін белгілі мөлшермен белгілі мерзімде суғарып отыру.
Бір рет суарудегеніміз өсімдіктің өсіп өну кезінен тыс уақытта жүргізетін суғарым.
Мезгілді суарудың екі түрі болады тынымсыз және мөлшерлеп.
Тынымсыз суару дегеніміз топыраққа суды өсімдікті еккен күннен жинап алғанға дейін тынымсыз тоқтатпай беру. Бұған тамшылата суару жатады.
Мөлшерлеп суару дегеніміз өсімдікті белгілі бір уақытта белгілі мөлшерде суару. Әр суарудың арасында бірнеше күн бос мерзім болады. Оны суару аралық күн деп атайды. Осы суару аралық күндерде барлық агротехникалық іс шараларды жүргізеді. Сонымен қатар үлкен және кіші суару болады.