Бозқырау (суық ұру) – жағымды орта тәулік ауа температурасында топырақтың және өсімдіктің беткі қабатына өсіп даму кезеңінде температураның 00С төмен түсуі.
Дымқылдатып суару – топырақтың ( 1,5-2 м) қабатында ылғал қорын жасау үшін күзде жүргізіледі, оны а.-ш. дақылдар келесі көктемде және жаздың басында пайдаланады.
Егістіктің фотосинтездік мүмкіндігі (ФП) – екпе өсімдік егісінің бүкіл өсуі кезінде фотосинтез үшін күн қуатын пайдалану мүмкіндігі.
Жаңбырлату- арнайы құралдармен топырақ пен өсімдіктер бетіне
жаңбыр сияқты су шашатын ауылшаруашылық дақылдарды суару тәсіл.
Жаңбырлату машиналар және қондырғылар – а/ш дақылдарды жаңбырлату тісілмен суару үшін пайдаланады. Көп тіректі кең алымды «Фрегат», екі консольді (ДДН-100МА), алыс шашатын (ДДН-100) және т.б суару қондығылар болады.
Жауын-шашын- жер бетіне тамшы түрінде немесе қар күйінде түсетін әуе ылғалы.
Жер құрғату- топырақтың беткі қабатындағы қалыптан тыс ылғалды азайту.