Терминологиялық СӨздігі (глоссарий) Аңыздық егіс



бет9/11
Дата16.03.2022
өлшемі28,64 Kb.
#135876
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 лекция бөлімі

Үлкен суару деп су шаруашылығы басқармасына қарасты күрделі суару жүйелерінде жүргізлетін суаруды айтады.

Кіші суару деп шаруашылыққа қарасты ішкі шаруашылық жүйесінде жүргізілген суаруды айтады. Қазіргі фермерлердің, жеке қожалықтардың, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтердің суғармалы жерлері мелиорацияның осы түріне жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Мелиорация дегеніміз не?

2.Мелиорация түрлерін атаңыз?

3.Қазақстанда мелиорацияның қандай түрлері таралған?

4.Суару түрлерін сипаттаңыз?


«Суару мелиорациясы және табиғатты қорғау»

2.1. Топырақтағы ылғал, ылғал жағдайы

2.2. Суару мелиорациясының табиғатқа тигізетін әсері

2.3. Гидрометеорологиялық жағдайдың мелиорация әсерінен өзгеруі

2.4. Суару мелиорациясының табиғатқа тигізетін әсері

2.1. Топырақтағы ылғал мөлшерін анықтау үшін ең алдымен топырақтағы тесіктер санын есептеп алу керек, яғни топырақтың борпылдақтылығын ескеру керек, оны келесі формула бойынща анықтайды:
р = 1- α/β
α - құрғақ топырақтың көлемді салмағы, г.;
β – қатты бөлшектердің тығыздығы, г/см3
Топырақ тығыздығы топырақтың минералды құрамына байланысты болады, тығыздығы 2,4-2,75 г/см3 ауытқиды, орташа алғанда 2,65 г/см3, шымтезек тығыздығы – 1-2. Минералды топырақтардың көлемді салмағы 1,75-0,90 г/см3 өзгереді, шымтезекте – 1,5 -1,0 г/см3. Топырақ ылғалдылығына әсер ететін күштер термодинамикалық потенциалымен есептеледі, яғни гравитациялық осмостық, капиллярлы-сорбциялық және пневматикалық потенциалдар қосындысы. Егер топырақ толығымен ылғалмен қамтамасыз етіліп және су ерітіндісінде тұз болмаса, онда топырақ ылғалдылығының потенциалы 0 тең болады.
Топырақтағы ылғал келесі түрлерде кездеседі:

  • Химиялық байланысқан;

  • Физикалық байланысқан (тығыз, борпылдақ, қатты күйде);

  • Бу тәрізді;

  • Капиллярлы;

  • Жылжымалы;

  • Гравитациялық;

  • Грунтты (өктемсіз, өктемді)


Химиялық байланысқан су – топырақтың физикалық процестеріне қатыспайды және 1000С буланып кетпейді, екі түрге бөлінеді:

    • Конституционды – минералдардың химиялық құрамының компоненті болып келеді;

    • Кристаллданған – заттардың кристалдық құрылымдардың бөлек молекула түрінде болып келеді.
      Физикалық байланысқан су екі түрге бөлінеді:




  • Гигроскопиялық – топырақтың беткі бөлшектерімен сіңірілген ылғалды атайды. Гигроскопиялық ылғал топырақтың құрамына байланысты әртүрлі болады: жеңіл топырақтарда – 1,5 – 3,0 %, құмды топырақтарда – 0,5-1,5, орташа топырақтарда – 2,5-4,0, балшықты топырақтарда – 6,0-8,0, шымтезекті топырақтарда – 18,0-22,0;

  • Пленкалық – топырақтың қатты бөлшектерінің айналасында молекулярлы күшпен ұсталып жататын ылғал. Пленкалық су топырақтың механикалық құрамына байланысты, топырақ ерітіндінің концентрациясына байланысты өзгереді.


Топырақтың ылғал сыйымдылығы дегеніміз топырақ грунттың белгілі бір жағдайда ылғал мөлшерін сіңіру немесе ұстап қалу қабілеті. Ол ылғалдану жағдайына, барпылдақтылығына, топырақ температурасына, топырақ ерітінділерінің құрамы мен концентрациясына байланысты болады. Топырақ пен ауа температурасы жоғарылаған кезде ылғал сыйымдалағы төмендейді.
Барлық топырақтың тесіктеріне сіңген су ауырлық күші әсерінен жылжи бастайды, сондай жылжымалы ылғалды гравитациялық деп атайды. Гравитациялық судың қозғалуы фильтрация деп аталады және Дарси заңына бағынады:

g=Kh=Ki


I

q – 1 см2 топырақта 1 с ішінде өтетін су саны, см3;


h – фильтрация басы мен аяғындағы су деңгейінің айырмашылығы, см.;
l – фильтрация жолының ұзындығы, см.;
K – фильтрация коэффициенті, см/с.;
i – су ағынының гидравликалық бұрылысы
лабораториялық жағдайда Дарси-Тима құралын қолданады.
Фильтрация коэффициенті таза топырақ үшін 1,0-0,01 см/с; балшықты топырақ үшін – 0,01-0,005.
Топырақ грунттарының су қайтарымы дегеніміз топырақ грунттарының бос суды қайтару қабілеті.
σ=W/V*100
σ – су қайтарым коэффициенті, %;
W – топырақ грунттарынан аққан су көлемі, м3;
V – топырақ грунттар көлемі, м3
Адамзат өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайын шешумен қатар, ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда, мелиорацияның қоршаған ортаға тигізетін зиянды жағдайлары да бар. Мелиорация жұмыстарының әсерінен су балансы, топырақ кұрамы, табиғи өсімдіктер, жан-жануарлар, ауа райы өзгеруі мүмкін. Мұндай әсерлер мелиорацияның түріне және оны қалай жүргізілгеніне байланысты болады.
Қазақстанда мелиорациялау жұмыстары 1960 жылдардан бастап дами бастады. Алгашқы жылдары мелиорация жұмыстары тез әрі көп жүргізіліп, көптеген жерлерге бетонды каналдар, су құбырлары, науалар салынды. Өзендерден су бейберекет, есепсіз алынды. Әр шаруашылық мемлекет жоспарын көп жағдайда өнім түсімін көбейту арқылы емес, егістік жер ауданын көбейту арқылы орындап отырды. Егістік жер ауданын көбейту қажетті судың көлемін де көбейтуге әкеп соқты.
Сонымен қатар әр шаруашылыққа қандай дақылдарды егу керектігін міндетті түрде жоғарыдан белгілеп отырды.
Мысалы, Жамбыл облысында қант қызылшасы егілді. Бұл өлкеде ол дақыл әр гектарына 6000-6500 текше метр су қажет етеді. Ал өнімі болса, орташа есеппен алғанда 20-25 т/га болып отыр және әр тонна өнім алу үшін жұмсалган шығын өте жоғары. Ал Украина жерінде бұл дақыл 1-2 рет, болмаса суарылмай-ақ 50-60 т/га өнім беріп, қанттылығы 20-22%-ке дейін барады. Ол бізге қарағанда 2 есе көп. Мұндай жағдайлар Сыр өңірінде де байқалып отыр. Осындай әкімшілік белгілеу салдарынан едәуір жерлерде су жетіспей, көптеген көлдер кеуіп, өзендер тартылып барады.
Осылардың әсерінен шабындық, жайылым жерлер де азая түсуде.
Ауыл-селолық жерлерде тұратын адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үш бағытта қарастырылған:

  • әр от басының жеке қажеттілігін қамтамасыз ету;

  • коммуналды-тұрмыс жағдайы

  • туған табигатка деген сүйіспеншілігін арттыру.

Егер осы айтылған үш бағыттың алдыңғы екеуі қосымша тапсырма болса, үшіншісі мелиоративтік құрылыс жобасының бір бөлігі болып қаралуы керек. Мысалы: пестицид тыңайтқышын берудің агротехникалық іс әрекеттері сол суландыратын жерлердегі микрофлора мен микрофауналардың құрамына әсерін тигізіп, ағынды суды уландырып және т.б. өзгерістерге ұшыратуы мүмкін.
Табиғатты қорғау жолдары осы суреттеумен ғана шектеліп қоймайды, оның нақтылы жағдайға байланысты, басқа көптеген түрлері болуы мүмкін.
Көп жағдайларда мелиоративтік жұмыстар табиғатқа бірден әсер етпей, көп жылдар өткен соң теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан мелиоративтік жұмыстардың қоршаған ортага тигізетін әсерін кеңінен және терең зерттеу қажет. Күрделі мелиоративтік кұрылыстар салғанда, топырақтың құнарлы қабаты жойылады, көптеген жерлерге жанар-жағар май қалдықтары төгіліп, ластанды және құрылыс қалдыктары әр жерлерде шашылып қалады. Әсіресе, темір бетоннан салған каналдар бойында жерге көмілген темір бетон құрылыс материалдарының қалдықтары өте көп кездеседі. Табигатты мұндай жолмен бұзып, қирату жауапсыздық болып табылады. Оған барынша тосқауыл қойылуы керек.
Мелиоративтік жұмыстар әсер ететін жерлерді бес аймаққа белуге болады:
1-мелиоративтік құрылыс орналасқан жер, яғни суарылатын жер ауданы;
2-мелиоративтік құрылыс жүрген аймақтағы суарылмайтын жер;
3-суарылатын егістікке қатар орналасқан жерлер;
4-суарылатын, егістіктен едәуір қашық орналасқан жерлер;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет