ЖМҚ алудың негізгі әдістері — полимерлену және поликонденсациялану реакциялары.
Полимерлену реакциясы радикалды немесе иондық механизммен тізбекті процесс түрінде жүреді, ал поликонденсациялану реакциясы сатыланып жүреді және кіші молекулалы қосылыс бөлінеді.
Полимердің макромолекуласы түзілу үшін мономерлердің өзара бірігуі үш түрлі әдіспен жүзеге асырылады: қос байланыстардың үзілуі, эфирлік байланыстар мен амидтік байланыстардың түзілуі.
Сополимерлену, яғни әр түрлі мономерлерді біріктіріп полимерлеу арқылы "егу, тігу" әдістерін қолдана отырып, қасиеттері алдын ала болжанған сапалы, бағалы полимерлер алынады.
ЖМҚ ісінуі және еруі. ЖМҚ ісінуі және еру механизмдері. Ісіну дәрежесіне әртүрлі себептерінің әсері.
ЖМҚ осмостық қасиеттері.Полимерлі бейэлектролиттер ертінділерінің осмос қысымы, Вант-Гофф заңынан ауытқуы. Галлер теңдеуі.
Полиэлектролиттер.Полиэлектролит ертіндісінің осмос қысымы. Доннаның мембраналық тепе-теңдігі.
Эмульсиялар, қасиеттері. Алу жолдары. Түрлері. Эмульгатор және олардың әсер ету механизімі. Эмульсиялардың өзараайналуы.Эмульсия тұрақтылығы жәнеоның бұзылуы.
Эмульсия (лат. emulgere – сауу және франц. emulsіon – сүт), медицинада – сұйық түріндегі дәрілік қалыптар. Эмульсияда суда ерімейтін сұйықтар (май, бальзам) болады, оны адамға ішу үшін, терісіне жағу үшін береді. Эмульсиялар біркелкі қоймалжың, сыртқы түрі сүт сияқты сұйықтық түрінде болады. Эмульсияларды дайындау үшін шабдалы, зәйтүн, күнбағыс, үпілмәлік, т.б. өсімдіктерді, вазелин және эфир майларын, сонымен қатар балық майын, бальзамдарды және сумен араласпайтын басқа сұйықтарды қолданады. Дайын эмульсиялық дәрілік заттардың жағымсыз дәмі болады немесе ішкен кезде адамның ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркендіреді. Эмульсияның құрамындағы ерімейтін ингредиенттер, оның жағымсыз дәмін шығармайды. Эмульсиялар ұзақ сақтауға келмейтін дәрілік зат болғандықтан, оларды 3 – 4 күн ішінде пайдалану керек. Эмульсиялар шыны ыдысқа құйылады, оған міндетті түрде: “Ішердің алдында шайқаңыз” және “Салқын жерде сақтаңыз” деген ескерту жазылады. Д. Қияшев[1]
Достарыңызбен бөлісу: |