символы макроскопиялық өзгерісті белгілеу үшін, ал d шексіз аз өзгерістерді белгілеу үшін қолданылады. Олай болса I – заңды мына түрде де жазуға болады:
dU=q+A
dU – (толық дифференциал), себебі U күй функциясы U= U2- U1,
ал q мен A жолға тәуелді, сондықтан олардың шексіз аз өзгерісі үшін символ қолданылады.
Термодинамиканың бірінші заңы
Термодинамиканың 1-заңының қарапайым процестерге қолданылуы.
1) Изобарлық процесқысымның тұрақтылығымен сипатталады. Тұрақты қысымға қарсы ұлғаю жұмысы δА=Pdv интегралдағаннан кейін
A=- p(V2- V1) , осыдан A=PV2- PV1 аламыз және (PV=RT) теңдеуді пайдалансақ, изобарлық процестің жұмысының басқа өрнегін аламыз:
A=R(T2- T1 )
Термодинамиканың 1-заңынан U = q + А жылудың мына өрнегін алуға болады: qp = U – А = U2 - U1 + P(V2-V1)
H = U + PV екенін еске алып жазсақ,
qp = (U2 + PV2) - (U1 + PV1) = H2 - H1 = H.
qp = H qp = dH
qp – система өзгерісінің (процестің) тұрақты қысымдағы жылу энергиясы. Ол процесс кезіндегі энтальпияның өзгерісіне (H) тең және энтальпия күй функциясы болғандықтан бастапқы және соңғы күйге ғана тәуелді.