Қазіргі экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тəрбие жоқтығының кейбiр себептерi ретiнде келесi жағдайларды қарастыруға болады:
Көбінесе, көптеген еңбексүйгіш отбасыларда қаражат жағынан таршылық көруі.
Қоғамдық өмiр мəдениетінің төмендiгi.
Отбасы анасы, яғни əйел, мойнына артылған ауыртпалық.
Əлеуметтiк-тұрмыстық жəне моральдық себептерден болып жатқан ерлi-зайыптылардың ажырасуы.
Бала тəрбиесiнде ерте заманнан қоғамдағы отбасындағы ер адам мен əйел адамның атқартын ролі.
Бірнеше отбасылар арасындағы жан-жалдардан туындаған бəсеке.
Мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың төмендеуі.
Отбасы дағдарысын реттеу жəне оның тəрбиелiк ықпалын көтеру бағытында педагогтар мен психологтардың беретін ұсыныстары мен ақылдары.
Бұл жағдайда педагогика ешқандай жаңалық ашып бере алмайды: тəрбиенiң қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тəуелдiлiгi объективтi шындық.
Білім беру мекемелерінен балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтарының қиындауы, іс- қимылдарының алдын алуын жəне оны жеңу жолдарының тəрбиелік рөлін арттыру.
Мектептерде арнайы білім дəрежесінде дайындалған əлеуметтік педагоггтар мен психологтар қызмет атқарады. Бұл мамандарға балалар мен жасөспірімдер оқу жəне тəрбие барысында сенім артады. Оқытушылардың қызметіндегі басты бағыт тəрбиеге беріледі. Педагоггтардың педагогика- лық қызметтеріндегі жіберген қателіктері мен кемшіліктері, олардың тəрбиеленушілеріне жағымсыз ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |