Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуы іс-қимылын болдырмау мақсатындағы əлеуметтік-педагогикалық əрекеттің мынадай бағыттары анықталады:
балалардың мінез-құлық, іс- қимылдарының əлеуметтік ауытқуындағы отбасының рөлі;
болашақ ата-аналарды отбасылық өмірге дайындау жəне өз балаларын тəрбиелеуі. Ол үшін мыналарды зерттеуі керек:
отбасы мүшелерінің қарым-қатынас негіздерін;
отбасы ішілік шиеленістер, оның пайда болу себептері, алдын алу мүмкіндіктері жəне жеңу жолдары;
отбасы шаруашылығын жүргізу, отбасы қаржысы;
балалық, жасөспірімдік кезеңдегі отбасылық тəрбие негіздері;
отбасылық құқық негіздері. Бала құқықтары жөніндегі декларация жəне ата-аналар, олардың орнындағылардың құқығын анықтайтын құжаттар;
отбасындағы жағымды адамгершілік қалыптарын отбасы ішілік қарым-қатынастарды, яғни отбасылық моральді-психологиялық ахуалды, сақтау;
отбасы тəрбиесіндегі қателіктерге жол бермеу;
баланың тұрақты адамгершілік бағыттары мен ұстанымдарын қалыптастыруы;
балалық шақтан еріктік сапалары мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін тəрбиелеу арқылы адамгершілік-жігерлік қасиеттерін қалыптастыру;
балаға күш көрсетіп, жəбірлеуге, ерік-жігерін төмендетуге немесе, керісінше, күш-қуатын қалыптастыруға жол бермеу, өйткені соның салдарынан олар əлсіз адамдарға зорлық жасауға, өктемдікке бейім келеді;
балалар мен жасөспірімдерден ішімдікке, шылым шегуден бастартып, оларды құмар ойындар- ға əуестендіруге жол бермеу;
баланы өзін-өзі тəрбиелеуге жəне онымен жұмыс жүргізу əдістемесіне үйрету.
Отбасы — адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ əкелу, екіншісі – дүниеге келген сəбиді тəндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру [4].
«Баланың құқығы жөніндегі» Конвенцияда (1989) отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата- ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббаты қажет. Толыққанды отбасы болуы үшін ата-ананың жəне отбасындағы басқа мүшелерінің береке-бірлікті, түсіністікті сақ- тауы, сонымен қатар əр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Қазіргі отбасы тəрбиесіндегі басты бағдар баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-бабадан қалған асыл мұраны сақтай білуге көңіл бөлу, халықтың тəлімдік-тəрбиелік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне жəне қоғамдық пайдалы еңбекке баулуды үйрету қажет. Ата-ана жəне əлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның тəнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мəн бергені бүгінгі күннің өзекті мəселесінің бірі болып табылады.
Əр отбасы ата-тегінен келе жатқан кəсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп оны кейінгі ұр- паққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағида- ларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кəсібін құрметтеп, қалып- тасқан дəстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркем өнермен шұғылдану, еңбекке баланы қалыптастыру арқылы ересек адам мен баланың қарым-қатынасын нығайтуды көздеген.
Үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс- əрекетке баулуды дəстүрлі мерекелер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы іске асырған.
Туыстарға, айналадағыларға қамқор жасай білу, қиын жағдайға тап болғанда қол ұшын беру, туған жерді, табиғатты сүю, оны қорғау күнделікті өмір салтына айналған. Ересек бала өзінен кішіге қарым-қатынас жасай біліп, əлеуметтік-мəдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық көрсетіп, өз ісіне жауапкершілікпен қараған. Отбасында қалыптасқан дəстүрлі мерекелерді өткізу арқылы баланың тұлғалық қасиетін жетілдіру жүзеге асырылған, мысалы, баланың дүниеге келуі, кəмелет жасқа толуы, үйлену тойы т.б.
Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру керек. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тəрбиеле» [5].
Қазіргі уақытта бала тəрбиелеу көптеген отбасыларға қиындық туғызады. Отбасы ішіндегі мəселелер, ата-ананың күнделікті өмірдегі ұрысы, келіспеушілігі бала психикасына əсер етпей қоймайды. Отбасы шағын мемлекет десек, қандай мемлекет болмасын, уақыт өте бір дағдарыстарға ұшырайды. Ол мемлекет өз халқына жағыну үшін, халқын бірлікте ұстап тұру үшін тəртіп пен ұрпағы- ның сол шағын мемлекеттің ішінде тəрбиесі терең, мазмұнды болашақ ұрпақ тəрбиесіне қажетті тамырын тереңге жайған бесік тербелу қажет. Ұрпақ өсіріп отырған ата-аналарға байланысты қазіргі таңда ұл бала тəрбиесі де, қыз бала тəрбиесі де көңіл көншітерлік жағдайда емес. Отбасын құратын жастар тек жеңіл жұмыс істеп, қиындықсыз өмір сүруді қалайды.
Əр адам өзін қоғамның саналы азаматы екенін түсінсе, осы бағытта отбасындағы ата-аналар бала тəрбиесіне уақытын бөліп қызмет етсе, алынбайтын қамал болмайтыны белгілі.
Балаларға ерекше қарайтын отбасылары да бар. Балаларына барлық жағдайды жасайды, ешнəрсе істетпейді, өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Мұндай отбасында тəрбие əр түрлі болады:
тəрбиенің дұрыс жолда берілмеуі, балаға жетпеуі бұзақылыққа, тəртіп бұзушылыққа əкеліп соғады;
құрғақ жəне қатал тəрбие (ата-аналар - бір, əжесі - басқа, мектеп - өз алдына тəрбиелегенде) түрлі психикалық ауруларға шалдықтырады.
Отбасы мен тəрбие берілуіне байланысты əр түрлі адамдар өсіп шығады: төзімді, еңбексүйгіш, тез ашуланшақ, жауапкершілігі жоқ, психикасы бұзылған т.б. Отбасындағы өзара қарым-қатынас балалық шақта ғана емес, өмірдің кейінгі жылдарында да маңызды болып қала береді. Ата-ана мен баланың арасында эмоциялық шынайы қарым-қатынастың болмауы, маңызды тұлғалық қатынастардың бұзылуы баланың жүйке дамуындағы кемістіктердің пайда болуына əкеліп соғады. Сондықтан отбасы тəрбиесінде ата-аналардың жалпы ұстанымы, педагогикалық мəдениеті, тəрбиелеу стилі, баламен өзара қарым-қатынасы басты рөл атқарады. Мұның өзі бізге отбасының əлеуметтік бейнесін сипаттауға мүмкіндік береді.
Отбасыларының əр түрлі болатыны белгілі: жақсы жəне нашар, толық жəне толық емес, ыдырайын деп тұрған жəне ыдыраған. Осындай отбасында балалар бар. Балаларға толық, бірақ қолайсыз отбасында өмір сүру өте қиын (отбасында ұрыс-керіс, жұбайлардың біреуінің өзін дұрыс ұстамауынан реніш, келіспеушілік, айқай-шу, тағы басқа жағдайлардың барлығы балаларға ауыр тиеді).
Отбасы тəрбиесінде ата-аналардың үйлесушілігі, мінезі, өз-өзін ұстауы да ерекше орын алады.
«Сіз өз балаларыңыздың тəрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз ... сіздің жеке мінез-құлқыңыз — шешуші нəрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қою, олардың өз отбасын қадірлей білуі, өзінің əрбір қадамын қадағалап отыруы — тəрбиенің ең басты жəне ең бірінші əдісі», — деп тұжырымдаған А.С. Макаренко. Ұлы педагогтың бұл ойымен келіспеске болмайды. Ата-ана əрқашан да баласына үлгі-өнеге болуы керек. Бұны тек ақыл-насихат ретінде айтпай, іспен көрсету арқылы тəрбиелесе, келесі ұрпақтың рухани тəрбиесінің шарықтағаны.
Тəрбиеленуі қиын оқушылар мен педагогтың оқудағы қарым-қатынасын, оқушылардың қарау- сыз қалушылығын педагогикалық рөлдің субъектпен байланысын көрсетуінде функционалдық байланыс бар. Мектеп қабырғасындағы эпизодтық төбелес, ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал т.б. барлығы мектеп өміріндегі бұзақылықты қалыптастырады. Бұзақылық сипат оқушылардың қараусыз қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді.
Қазіргі таңда отбасылардың арасындағы келіспеушілік, отбасындағы қарама-қайшылықтардың болуы балаға қатты əсер етеді. Отбасында берекенің болмауы, ата-балаға тəрбие беретін, ата-ананың жаман жолға, ішімдікке салынуы, нашақорлыққа бой ұруы, баланың алдында бір-бірін балағаттауы өсіп келе жатқан жеткіншек санасына теріс пікір қалыптасуын арттырады. Бала жасынан сүйіспеншілікке, отбасында махаббат мейіріміне бөленбей қатал, қатыгез болып, кейін жас өскен сайын қылмыскер болуы да ғажап емес. Қазіргі кезде отбасындағы жанжалды көрген балалар əкесінің анасына қол көтергенін көріп өсіп, кейде анасын қорғаймын деп, қылмысқа да барып қалып жатқан тұстар болады. «Тəртібі қиын оқушы» болып шыға келеді.
Балаға жас ерекшелігіне қарай тəрбие берсе, сөзсіз, тəрбиелі ұрпақ қалыптасатынына нық сенім- мен қарауға болады. Осы орайда «егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінəлі емес, педагогикалық əдістер кінəлі» деген А. Макаренконың пікірін қайта қарауға тура келеді. Пайдасыз əдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген педагогика- лық-психологиялық жүйе болуы керек. Ал ұлы Абайдың сөзі қайта тəрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді. Ол жеке тұлғаның қалыптасып дамуы туралы былай тұжырымдайды: «Баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тəрбиелейді».
Халықтық педагогиканы, яғни этнопедагогиканы, оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тəрбие беруде жеткіншектерге тілі мен əдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дəстүрін меңгерту оқушыларға қажет. Сол арқылы ұрпаққа ақыл-ой, еңбек, адалдық, эстетика, отбасы тəрбиесіне байланысты тəлім-тəрбие беретіні ежелден белгілі. Бала туғаннан отбасы мұндай қасиеттерді бойына сіңіре беру керек. Сонымен қатар жасөспірімдерді нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп ата- бабаларымыз əдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегімен балаларына үлгі-өнеге көрсеткен. Енді ғана тілі шығып келе жатқан балаға жас кезінен мақал-мəтелді, жаңылтпаштарды, ертегілерді сіңіріп өсірсе, «Бала — біздің болашағымыз» деп санайтын əрбір ата-ана үшін дұрыс жол болып саналады. Ол дұрыс ұрпақ қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады [6].
Психология ғылымында дамуды меңгеру, игеру, тыңдау ретінде емес, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жасау, өзін-өзі құру ретінде қарастыратын басым тұжырымдама қалыптасқан (С.Л. Рубинштейн, В.П. Зинченко, А.Г. Асмолов, Б.С. Братусь т.б.). Əрбір адам өз алдына дербестікке ие бола отырып, дамуында қайталанбаушылықты құрайды. Сондықтан тəрбиесі қиын оқушылардың дамуындағы ерекшеліктерді былай көрсетуге болады:
даму үрдісінде жыныстық айырмашылық ерекше мəнге ие болады, М.С. Егорова қыз балалар мен ер балалардың санаткерлік, тұлғалық сипаттары жəне тіл табысу ерекшеліктері жағынан айырмашылық бар екендігін бөліп көрсетеді. Мысалы, қыз балалар вербалды қабілеттері жағынан ер балаларды, ал ер балалар математикалық қабілеттері жағынан қыз балаларды басып озады. Сонымен бірге ер балалар агрессивті болып келеді, сондықтан балалар психиат- риясы саласы бойынша көрнекті ағылшын маманы М. Раттер темперамент пен патологияның байланысын көрсетеді. Темпераменттің ерекшелігіне байланысты əрекеттерді орындау тəсілдеріне, оқушылардың мінез-құлқының стилінде мынадай көрсеткіштер бойынша шынайы айырмашылықтар байқалады: белсенділік, шапшаңдық деңгейі, əр түрлі биологиялық циклдердің басқарылуы (ұйқы, сергектік т.б.). Сонымен бірге балалар бейімделуге қабілеті жағынан да, яғни жағдайдың өзгеруіне байланысты, мінез-құлқын оңай өзгерту білігі бойынша; эмоциялық реакцияның қарқындылығына (қуанышқа жəне айқайға əр түрлі реакцияның болуы) қарай; қарым-қатынас жасау, тіл табысу сипаты бойынша дараланады. Сонымен бірге ерекше, өзіне тəн темпераменті бар балалардың мінез-құлқында кертартпа сапалардың дамуы байқалып, мұның өзі оқушының тəрбиесін қиындатады;
тəртібі қиын оқушылардың пайда болуына табиғи ерекшеліктер мен оқудың қиындығының байланысы да себеп болады (М.К. Акимова, В.Т. Козлова, О.А. Степанова т.б.). Оқу үлгерімі- нің төмен болуының бір себебі баланың өзінің жүйке жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс қолданбауы жəне мұғалім мен ата-аналардың да бұл ерекшеліктерді ескермеуі болып табылады. Қазіргі түсінік бойынша даралық-типологиялық ерекшеліктерді ескеру жəне оларды педагогикалық үрдісте міндетті түрде есепке алу қажет. Мəселен, кейбір психологиялық зерттеулер өзінің нейродинамикалық ерекшеліктері бойынша əлсіз жəне жігерсіз оқушылар, көбінесе оқуға үлгермейді немесе оқу үлгерімі төмен болатынын дəлелдейді. Ал М.К. Акимова өз зерттеуінде жүйке жүйесі əлсіз жəне жігерсіз оқушылардың арасында үздік оқитындар да жиі кездесетінін атап көрсетеді. Сондықтан мұғалім мен ата-аналардың оқушының табиғи ерекшеліктері мен мүмкіндіктері арасындағы байланысты дұрыс ескермеу салдары тəртібі қиын оқушының пайда болуына негіз болады.
Қай заманда болмасын тəрбие берушілер, педагогтар, ата-аналар тəрбие беру түрін екі топқа бөлді, кейбірі балаға қаталдық танытуды дұрыс санаса, баланың тікелей бағынышты етуді, қатаң тыңдауын жəне тəртіптілігіне қолжеткізудің кепілі деп санаса, екіншілері тəрбиенің негізі балаларды мейрімде, қайырымдылықта қарау деп білді. Бірақ ешқайсысы баланың психологиясы, баланың темпераментіне қарай тəрбиелеу керек екенін ескермеді.
Ғылыми деректерге үңіле қарасақ, тəрбиесі қиын балалардан байқалатын бірден-бір белгілер: біріншіден, аномалды қажеттілік, екіншіден, тұрақты кері қасиеттер жиынтығы, үшіншіден, отбасы мүшелерімен немесе педагогтармен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, сыртқы фактордың, яғни басқа адамдардың, көмегінсіз өзін-өзін тəрбиелеге деген қабілетсіздігі. Сынып жетекшілері тəрбиесі қиын баламен жүргізілетін жұмысты мына мəселелерден бастағаны жөн:
«тəрбиесі қиын балалардың» жас ерекшеліктеріне мəн беру;
көп жағдайда бірінші орынға терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық жəне медициналық мəселелерін міндетті түрде қарастыру;
мектептегі жоспардағы жұмыстарды дұрыс орындау жəне оны қадағалау;
психолог-мамандармен жиі əңгімелесіп, ол баланың көңілін таба білу керек. Тəртібі қиын балалардың шығу себептері мыналар:
қоғамдағы жағдай мен отбасындағы тұрмысының қиындығы;
балалардың мінез-құлқының жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше болып қалыптасуынан немесе нормадан ауытқуынан;
мектепте бастауыштан педагогтардың дұрыс тəрбие бермеуінен.
«Елдің көркі тіл десек, отбасы көркі сəби ме дейсің», ¾ деп Қ.Мырзалиев тегін айтпаған. Егер отбасы өз ұлттық тілінде сөйлесе, отбасы ішінде сыйластық, үйлесушілік болса, бұл отбасының дұрыс қалыптасуына жол ашады.
Бүгінгі ХХІ ғасырдың басты мəселесі болып дұрыс ұрпақ қалыптастыру, болашаққа нық сенімді болу табылады. Ұрпақтың мəдениетті, ұлттық санасының жоғары болуын қалыптастыру мақсат етіледі. Осынау заманның сан-қилы мəселелерімен ата-ананың бала тəрбиелеудегі үлкен қиындықтарға тап болатыныны да белгілі. Негізінен, барлық мəселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын дұрыс, орынды пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы келеңсіз жағдайлардан бастау алатындығы да болады. Бала тəрбиесін жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыту арқылы əдіс-тəсілдерді жаңартып отырса, заман талабына сай мектеп пен ата-аналар дұрыс жолға қойылған тəрбиелік мазмұны жоғары жұмыстар атқарса іс нəтижелі болып жемісін беретіндігі сөзсіз [7].
Қазіргі көп мəдениетті қоғамда балаға сырттан əсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды əсерін тигізеді. Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: |