Қаңлылар 18 нұсқа
1. Шыршық өзенінің сол жағасындағы Қаңлы каналы:
А. Келес каналы
В. Шыршық арығы
С. Асықата каналы
Д. Жетісай каналы
Е. Ханарық арығы
2. Қауыншы мәдениетінде өлген адамды жерлеген кезде орындалған дәстүр:
А. Киімімен жерлеу
В. Өлікті өрттеу
С. Мумиялау
Д. Қол-аяғын бүгіп, оң жаққа жатқызу
Е. Мәйітті матаға орау
3. Қаңлылар жерінен табылған б.з. ІІІ-ІV ғғ. соғылған теңгелер саны:
А. 3000-дай
В. 100-дей
С. 1300-дей
Д. 2000-дай
Е. 10 шақты
4. Қаңлылар астық сақтаған жер:
А. Астауларда
В. Шұңқырларда, ұраларда
С. Табақтарда
Д. Қораларда
Е. Сарайларда
5. Қаңлыларда дәнді бау-бақша дақылдары өсірілген аймақ:
А. Жетісу
В. Сырдария аңғары
С. Шу өңірі
Д. Сарыарқа
Е. Мырзашөл
6. Қаңлылардағы шаруашылықтың қосымша түрі:
А. Аң аулау
В. Балық өсіру
С. Бау-бақша өсіру
Д. Дәрілік шөптерді жинау
Е. Жібек өндіру
7. Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны:
А. 5
В. 4
С. 3
Д. 2
Е. 6
8. Қаңлы елінде әр иелікті басқарғандар:
А. Бектер
В. Кіші хандар
С. Абыздар
Д. Билер
Е. Елхандар
9. Қаңлыларда елді басқаруға ханға кімдер көмектесіп отырған:
А. Билер
В. Төрелер
С. Үш орынбасар, уәзір көмектесіп отырған
Д. Батырлар
Е. Абыздар
10. Қытай хроникаларындағы қаңлылардың екі астанасы деп аталынған:
А. Жазғы және қысқы
В. Тұрақты және көшпелі
С. Уақытша және тұрақты
Д. Таулы және жазықты жердегі
Е. Шекарадағы және орталықтағы
11. Қытай өкілінің императорға хабарлауындағы қаңлылардың сипатталуы:
А. Жағымпаз, жемқор
В. Қаңлылар данышпан
С. Шабандоз
Д. Төзімді
Е. Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді
12. Қытай ақыны Бэй Жүшінің қаңлы қыздарына арналған өлеңі:
А. «Сыр сұлуы»
В. «Әнші қыз»
С. «Таңғы елес»
Д. «Биші бикеш»
Е. «Аппағым»
13. Қаңлылардың Алтын-асар қала жұртының көлемі:
А. 1 гектар
В. 8 гектар
С. 16 гектар
Д. 21 гектар
Е. 29 гектар
14. Қаңлылар Ұлы жібек жолының қандай бағытын бақылап отырды:
А. Бозоққа баратын
В. Бетпақадалаға баратын
С. Сарыарқаға баратын
Д. Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін
Е. Қимақтар жеріне баратын
15. Қаңлы жерінен табылған теңгелер қай мезгілге сәйкес келеді?
А. Б.з. І ғ.
В. Б.з. ІІІ-ІV ғғ.
С. Б.з.б. ІХ ғ.
Д. Б.з. V ғ.
Е. Б.з. VІІ ғ.
16. Қаңлы мемлекетіне кәріптас (янтарь) әкелінген ел:
А. Үндістаннан
В. Балқаштан
С. Қытайдан
Д. Балтық бойынан
Е. Қара теңізден
17. Қаңлы мемлекетіне көгілдір фаянсынан тізілген ірі моншақтар әкелінген ел:
А. Қытай
В. Үндістан
С. Иран
Д. Балтық бойы
Е. Сирия
18. Қаңлыларда кенді балқыту үшін пайдаланған пештер:
А. Қара әрі үлкен
В. Тік бұрышты
С. Үш бұрышты
Д. Алты бұрышты
Е. Дөңгелек және төрт бұрышты
19. Қаңлыларда металл өңдеу қай жерде жүргізілді?
А. Үйде
В. Далада
С. Арнайы шеберханаларда
Д. Қос басында
Е. Кен өндірген жерде
20. Қаңлыларда пышақ, қанжар және семсерлерге қын неден жасалды?
А. Темірден
В. Мыстан
С. Ағаштан
Д. Сүйектен
Е. Теріден
21. Қаңлыларда белбеулер немен безендірілді:
А. Қылшықтармен
В. Бояумен
С. Металлмен және сүйек қаптырмамен
Д. Ағашпен
Е. Моншақпен
22. Қаңлыларда жақсы дамыған өнердің түрі:
А. Бейнелеу
В. Ағаш ою
С. Цирк
Д. Ән-күй, музыка, би
Е. Сәулет өнері
23. Қаңлылардың музыкалық аспаптары неше ішекті болды?
А. 4 және 8 ішекті
В. 2 және 5 ішекті
С. 6 және 12 ішекті
Д. 7 ішекті
Е. 3 және 6 ішекті
24. Қаңлыларға тән музыкалық аспап:
А. Қобыз
В. Дабыл
С. Домбыра
Д. Сыбызғы, сырнай
Е. Шаңқобыз
25. Қаңлылар табиғаттан тыс құдіретті күштерге арнап құрбандыққа шалған құрбандық:
А. Бизон
В. Лама
С. Үй малдары
Д. Қасқыр
Е. Киік
Достарыңызбен бөлісу: |