Тас дәуіріндегі Қазақстан 2 нұсқа 1. Мезолиттің хронологиялық шеңбері:
А. Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар
В. 1 млн. 750 мың жыл бұрын
С. Б.з.б. 5-3 мың жыл
Д. Б.з.б. 140- 5 мың жыл
Е. Б.з.д. 2 млн 500 мың - 12 мың жыл
2. Мезолит заманының басты жаңалығының бірі:
А. Балта мен кетпен
В. Дән үккіштер
С. Садақ пен жебенің жасалуы
Д. Бір жүзді пышақтар
Е. Біз бен ине
3. 1938 жылы Өзбекстан жеріндегі Тесіктас үңгірінен табылған баланың сүйегі жататын адам түрі:
А. Австралопитек
В. Неандертальдық.
С. Питекантроптық
Д. Епті адамның
Е. Кроманьондық
4. Жер бетінде «Саналы адамның» өмір сүрген уақыты:
А. 40-35 мың жыл бұрын
В. 50-40 мың жыл бұрын
С. 35-30 мың жыл бұрын
Д. 40-12 мың жыл бұрын
Е. 10-5 мың жыл бұрын
5. Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібі:
А. Терімшілік
В. Аңшылық
С. Балық аулау
Д. Қол өнер
Е. Егіншілік
6. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары:
А. Бөкендер мен құландар
В. Қояндар мен маралдар
С. Мамонт пен бизон
Д. Жылқылар мен түйелер
Е. Аюлар, Пілдер
7. Алғашқы адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының атаулары:
А. Қашау, найза
В. Чоппер, чоплинг
С. Қырғыш
Д. Тілгіш
Е. Кетпен
8. Жамбыл облысынан табылған палеолиттің 5 мыңдай еңбек құралдарының түрлері:
А. Біз бен ине
В. Балта мен келі
С. Қашау мен үшкір заттар
Д. Келсап пен дән үккіш
Е. Бір жүзді пышақтар
9. Орта палеолит дәуірінің тағы бір атауы:
А. Неолит
В. Энеолит
С. Кайназой
Д. Мустьер
Е. Мезолит
10. Ертедегі адамдардың маймылдардан айырмашылығы:
А. Терімшілікпен айналысуында
В. Тобыр болып бірігуінде
С. Бау-бақшалықпен айналасуында
Д. Еңбек құралдарын жасай білуінде
Е. От алуды үйренді
11. Жер бетінің күрт суи басталған уақыт:
А. 50-30 мың жыл бұрын
В. 100 мың жыл бұрын
С. 30-10 мың жыл бұрын
Д. 200-180 мың жыл бұрын
Е. 150 мың жыл бұрын
12. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары:
А. Жануарлардың сіңірлері
В. Кендір
С. Иірілген жіптер
Д. Қылдар
Е. Жануарлардың терілері
13. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері табылған аймақ:
А. Шығыс Қазақстан, Алтай баурайы, Усть - Нарым
В. Балқаштың солтүстік-шығыс бөлігі, Зайсан көлі, Іле өзені бойы
С. Орталық Қазақстан, Жезқазған өңірі, Обалысай
Д. Атасу
Е. Маңғыстау түбіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойы
14. Ретушь әдісінің анықтамасы:
А. Отпен уату
В. Үңгіп қазу
С. Бұрғылау
Д. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойық жасау арқылы өткірлеу әдісі
Е. Жылтырата тегістеу
15. Жамбыл облысындағы 5000-ға жуық тас құралдар табылған тұрақтар:
А. Шақпақата, Арыстанды
В. Семізбұғы, Шоқтас
С. Шүлбі, Қосқорған
Д. Шебер, Қошқарата
Е. Бөріқазған, Шабақты
16. Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ қырғыштар табылған тұрақ:
А. Қызылтау
В. Пеньки
С. Усть - Нарым
Д. Семізбұғы
Е. Шульбинка
17. Өзбекстан жеріндегі Тесіктас үңгірінен табылған неандерталь баланың сүйегін бет-әлпетін қалпына келтірген антрополог:
А. А.Г.Медоев
В. М.М.Герасимов.
С. К. Ақышев
Д. Х.Алпысбаев
Е. В.Зайберт
18. Ең соңғы мамонттардың шамамен өмір сүрген мезгілі:
А. 11-12 мың жылдар бұрын
В. 10 мың жыл бұрын
С. 12-5 мың жылдар бұрын
Д. 5-3 мың жылдар бұрын
Е. 13 мың жыл бұрын
19. Қарасу, Шабақты, Бөріқазған, Қызылтау, Семізбұғы, Шақпақата, Тәңірқазған, Шүлбі,
Қошқорған, Шоқтас тұрақтары жататын дәуір:
А. Мезолит
В. Неолит
С. Кейінгі палеолит
Д. Орта палеолит
Е. Ерте палеолит
20. Тас дәуірі ескерткіші Мұзбел тұрағы табылған Қазақстандағы аймақ:
А. Орталық Қазақстан
В. Батыс Қазақстан
С. Солтүстік Қазақстан
Д. Шығыс Қазақстан
Е. Оңтүстік Қазақстан
21. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі:
А. Семізбұғы тұрағы
В. Усть-Нарым тұрағы
С. Трушниково тұрағы
Д. Красноярка тұрағы
Е. Обалысай тұрағы
22. Мезолиттің үлкен жаңалығы болған, ұзындығы 1-2 см құрайтын тас құралдың атауы:
А.Чоппер
В. Қырғыш
С. Бифас
Д. Болас
Е. Микролит
23. 100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәрізді қару:
А. Найза
В. Болас
С. Бумеранг
Д. Гарпун
Е. Садақ
24. Қазақстан аумағындағы белгілі мезолит тұрақтарының саны:
А. 20-дан асады
В. 50-дан асады
С. 10-дан асады
Д. 30-дан асады
Е. 40-дан асады
25. Алғашқы егіншілік пен малды қолға үйрету қалыптаса бастаған кезең:
А. Мезолит
В. Энеолит
С. Неолит
Д. Палеолит
Е. Орта палеолит