Темір дәуіріндегі Қазақстан 9 нұсқа
1. Есік обасынан табылған алтын бұйымдардың саны:
А. 4 мыңнан астам
В. 2,5 мыңнан астам
С. 3 мыңнан астам
Д. 1 мыңнан астам
Е. 1,5 мыңнан астам
2. Сарыарқадағы ерте темір дәуірі ескерткіштері:
А. Тасмола
В. Шілікті
С. Қарғалы
Д. Бесоба
Е. Есік
3. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі:
А. Адам мен жылқыны қатар жерлеуінде
В. Өртеп жерледі
С. Мәйіттің басын батысқа қаратты
Д. Отырғызып жерледі
Е. Бальзамдап, мумиялап жерледі
4. Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері:
А. Шірік-Рабад қонысы
В. «Мұртты қорғандар»
С. «Патша қорғандар»
Д. Аралтөбе қорымы
Е. «Жетісу михрабы» құрбандық табағы
5. «Мұртты обалар» көп тараған аймақ:
А. Орталық Қазақстан
В. Батыс Қазақстан
С. Солтүстік Қазақстан
Д. Шығыс Қазақстан
Е. Маңғыстау
6. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпалар:
А. Массагеттер
В. Исседондар, аримаспылар, аргиппейлер
С. Савроматтар
Д. Сақ тиграхаудалар
Е. Сақ парадарайалар
7. Ерте темір дәуірі ескерткіші Тасмола мәдениеті табылған аудан:
А. Жетісу
В. Екібастұз
С. Арал маңы
Д. Алтай өңірі
Е. Ыстықкөл маңы
8. Қазақстанда шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі:
А. Алатау
В. Қаратау
С. Сарыарқа
Д. Алтай
Е. Маңғыстау
9. Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысын мекендеген тайпалар:
А. Массагеттер
В. Сақтар
С. Аргиппейлер
Д. Аримаспылар
Е. Исседондар
10. Ежелгі заманда Сарыарқаның орталығын мекендеген тайпалар:
А. Сақ-тиграхаудалар
В. Исседондар
С. Сақ-хаомоваргалар
Д. Массагеттер
Е. Сарматтар
11. Ежелгі заманда Сарыарқаның шығысын мекендеген тайпалар:
А. Исседондар
В. Сарматтар
С. Аримаспылар
Д. Сақ-тиграхаудалар
Е. Исседондар
12. Геродот жазбасындағы савроматтардың «биік таулардың баурайында» тұрған көрші тайпалары:
А. Массагеттер
В. Аримаспылар
С. Дахтар
Д. Аргиппейлер
Е. Исседондар
13. Аргиппейлердің шығысқа қарай орналасқан көрші тайпалары:
А. Дайлар
В. Сарматтар
С. Шошақ бөрікті сақтар
Д. Аримаспылар
Е. Исседондар
14. «Ақ жалды жүйрік аттылардың иелері» деп аталған тайпа:
А. Теңіздің арғы жағындағы сақтар
В. Хаома сусынын даярлаушы сақтар
С. Даилар
Д. Аргиппейлер
Е. Сарматтар
15. Орталық Қазақстандағы «мұртты обалар» жататын дәуір:
А. Қола
В. Палеолит
С. Мыс
Д. Темір
Е. Неолит
16. Адам мен жылқы қатар жерленуімен ерекшеленетін Сарыарқадағы ерте темір дәуір мәдениеті:
А. Беғазы-Дәндібай
В. Тасмола
С. Андронов
Д. Қауыншы
Е. Пазырық
17. Тасмола мәдениеті қанша даму кезеңінен тұрады?
А. 1
В. 2
С. 5
Д. 3
Е. 6
18. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпалар исседондар деп тұжырым жасаған ғалым:
А. К. Ақышев
В. М. Герасимов
С. Ә. Марғұлан
Д. Х. Алпысбаев
Е. Г. Сосновский
19. Солтүстік Қазақстанның ежелгі тұрғындарының көшпелі өмір салтына өткен кезі:
А. Б.з.б. ІІ ғ.
В. Б.з.б. ІІІ мың жылдық
С. ІІ – ІІІ ғғ.
Д. Х – ХІІІ ғғ.
Е. Б.з.б. I мың жылдық
20. Солтүстік Қазақстан жеріндегі алғашқы сақ заманына жататын обалар:
А. Есік
В. Шілікті
С. Бірлік, Алыпқаш.
Д. Тасмола
Е. Бесшатыр
21. Сақтарда моңғолоидтық белгілер басым кездесетін өңір:
А. Оңтүстік Қазақстан
В. Батыс Қазақстан
С. Солтүстік және Шығыс Қазақстан
Д. Орталық Қазақстан
Е. Мағыстау
22. Қазақстанның Солтүстік өңірінде өмір сүрген тұрғындары тұрмысында б.з.б. I мың жылдықта болған өзгеріс:
А. Егіншілікке өтті
В. Көшпелі өмір салтына ауысты
С. Алғаш рет металл балқытуды меңгерді
Д. Жылқы малын қолға үйретті
Е. Балық аулауды үйренді
23. Темір дәуірінде жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық:
А. Темірден жасалған ер-тұрман
В. Қамшы
С. Қылдан бұйым жасау
Д. Үзенгі мен ауыздық
Е. Темір тарақ
24. Ерте темір дәуірінің Солтүстік Қазақстандағы мәдениеті:
А. Бәбіш-Молда қаласы
В. Шілікті ескерткіштері
С. Ұлыбай-Тасмола мәдениеті
Д. Берел қорымы
Е. Бесшатыр қорымы
25. Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің хронологиялық кезеңдерінің саны:
А. 1 хронологиялық кезеңнен
В. 2 хронологиялық кезеңнен
С. 3 хронологиялық кезеңнен
Д. 4 хронологиялық кезеңнен
Е. 5 хронологиялық кезеңнен
Достарыңызбен бөлісу: |