Тест база По классам этап(1)



бет4/128
Дата05.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#173788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
TEST KAZ TAR (1)

6 – сынып
4 нұсқа

1. Адамдар мыс өңдеуді үйренген уақыты:


А. 1 мың жыл бұрын
В. 5 мың жыл бұрын
С. 2 мың жыл бұрын
Д. 3 мың жыл бұрын
Е. 7 мың жыл бұрын
2. Қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болған дәуір:
А. Палеолит
В. Неолит
С. Мезолит
Д. Қола
Е. Энеолит
3. Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ:
А. Зеленая Балка
В. Ботай
С. Обалысай
Д. Шабақты
Е. Усть-Нарым
4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай қай кезеңінің ерекше ескерткіші:
А. Мезолит
В. Неолит
С. Энеолит
Д. Қола дәуірі
Е. Палеолит
5. Энеолит ескерткіштері табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен:
А. Алғабас
В. Арқайым
С. Шебір
Д. Шульбинка
Е. Шабақты
6. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы:
А. Анимизм
В. Шаманизм
С.Тотемизм.
Д. Эндогамия
Е. Экзогамия
7. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы ғылымда қалай аталануы:
А. Сына жазуы
В. Пиктография
С. Руна жазуы
Д. Этноархеология
Е. Палеография
8. Өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы:
А. Анимизм
В. Тотемизм
С. Шаманизм
Д. Фетишизм
Е. Магия
9. Табиғаттың құбылыстарынан өздерін сақтау үшін жасаған ежелгі адамдардың әрекеті:
А. Анимизмдік
В. Тотемистік
С. Шамандық
Д. Магиялық
Е. Фетишизмдік
10. Табылған сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерде көп кездесетін бейнелер:
А. Аңдар бейнесі
В. Әйелдер бейнесі
С. Құдайлар бейнесі
Д. Жауынгерлер бейнесі
Е. Өсімдік бейнесі
11. Тотыққан мыс рудасынан металл қорыту басталған дәуір:
А. Неолит
В. Мезолит
С. Палеолит
Д. Қола дәуірі
Е. Темір дәуірі
12. Ерте палеолит дәуіріндегі адамдар баспаналары:
А. Шатқалдар
В. Үңгірлер
С. Жер төлелер
Д. Киіз үй
Е. Ағаш үй
13. Антропология ғылымы зерттейтін сала:
А. Адамның мінез-құлқын
В. Адамның іш құрылысын
С. Адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін
Д. Адамдардың жазуын
Е. Адамдардың көзқарасындағы ерекшеліктерді
14. Сыртқы биологиялық қасиеттеріне қарай адамзат баласының үлкен нәсілдік топқа бөліну түрлеріңің саны :
А. 2
В. 5
С. 3
Д. 4
Е. 10
15. Нәсілдік ерекшеліктерді анықтайтын белгі:
А. Ішкі адами қабілеттер
В. Әдет-ғұрыптар
С. Жазу стилі
Д. Сыртқы түр-түсі
Е. Өмір салты
16. Тарихи антропология қай ғылымның бір саласы?
А. Тарих
В. География
С. Медицина
Д. Биология
Е. Ботаника
17. Этника ұғымына тікелей қатысы бар сөз:
А. Халық
В. Нәсіл
С. Әдет-ғұрып
Д. Ата-аймақ
Е. Шаруашылық
18. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасу үрдісінің дамуы:
А. Әр аймақта әр қалай
В. Сібірде шапшаң
С. Азияда тезірек
Д. Еуропада баяуырақ
Е. Ежелгі дүниенің барлық аймағында бірдей
19.Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі:
А. Тобыр.
В. Тайпа.
С. Тайпалық бірлестік.
Д. Аталық ру.
Е. Аналық ру.
20. Алғашқы адамдар не арқылы өздерінің күш-қуатын, шапшаңдығын еселеп арттыра алды:
А. Ойын
В. Еңбек
С. От
Д. Тамақ
Е. Су

21. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары:


А. Күрделі
В. Өте қарапайым
С. Түрлі-түсті
Д. Белгісіз
Е. Ою-өрнекпен безендірілген

22. Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң:


А. Табиғатқа тәуелділігі азая бастады
В. Табиғатқа тәуелді күйде қала берді
С. Бір-біріне бағынбай кетті
Д. Жалқаулыққа бой алдырды
Е. Аң аулау тоқырай бастады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет