Сарматтар 25 нұсқа
1. Аңызға сәйкес сарматтардың қыздары:
А. Тұрмысқа ерте шығады
В. Әнші болып келеді
С. Биші болып келеді
Д. Жауын өлтірмей тұрып, тұрмысқа шықпайды
Е. Үй шаруасымен ғана айналысады
2. Қазақстанда сарматтар мекендеген аймақ:
А. Арал мен Каспий теңізі аралығы
В. Балқаш пен Алакөл аралығы
С. Іле мен Шу аралығы
Д. Алатау мен Қаратау аралығы
Е. Ертіс пен Есіл аралығы
3. Ерте темір дәуіріндегі дай тайпасы мен қазақтың адай тайпасы атауларының сыртқы дыбысталу
үндестігі өте жақын, сонымен бірге екеуі де:
А. Маңғыстау түбегінде қоныстанған
В. Сыр бойында қоныстанған
С. Шу бойында қоныстанған
Д. Қаратау бөктерінде қонстанған
Е. Жайық бойында қоныстанған
4. «Сармат әйелдері басқаша тіршілік етеді. Олар атқа мініп, ерлермен бірге аңға шығады, ерлерсіз соғысқа қатысады, ерлермен бірдей киінеді», - деген мәтін кездесетін дерек:
А. Геродоттың шығармасында бар
В. Ксеркстің жазбаларында кездеседі
С. Амазонкалар туралы аңызда бар
Д. Қытай жазбаларында бар
Е. Орыс жылнамаларында кездеседі
5. Сармат әйелдерінің киімдері:
А. Басына сәукеле, үстіне ұзын етекті көйлек киген:
В. Ерлерше киінген
С. Парсылардың киім үлгісін киген
Д. Босфор мемлекетінің сән үлгісінде киінген
Е. Қытайлық сән үлгісінде киінген
6. Сарматтардың қыш құмыраларының түбі қандай?
А. Төрт бұрышты
В. Үш бұрышты
С. Сүйір
Д. Жайпақ әрі шұңғыл
Е. Көп бұрышты
7. Сарматтардың Шығыс елдерінен алғызған ыдыстары:
А. Темірден құйылған қазандарды
В. Теріден жасалған торсықтарды
С. Керамикалық ыдыстарды
Д. Шыныдан жасалған ыдыстарды
Е. Ағаштан жасалған ыдыстарды
8. Сарматтардың қыс кезіндегі киімдері:
А. Қысқа тон киіп, оның белін қайыс белбеумен буып, аяқтарына қысқа қонышты еті киген
В. Ұзын тон киіп, оның белін жіппен байлап, аяқтарына ұзын қонышты етік киген
С. Бұғы терісінен жасалған шекпен мен етік киген
Д. Қытай саудагерлері әкелген жылы киімдерді киген
Е. Қысқы киімдер тігуді білмеген, сондықтан үйден шықпауға тырысқан
9. Сарматтар өмірінде аңшылықтың алатын орны:
А. Басты кәсіп болды
В. Қосымша кәсіп – қызықтау, сейіл құру қызметін атқарды
С. Отбасын асырауда маңызды рөл атқарды
Д. Батырлық мектебі рөлін атқарды
Е. Шыңдалу мектебі болды
10. Сарматтардың әйелдері ерлерше киінгенімен олардың киімдерінің безендірілуі:
А. Қытайлық жібек маталармен безендірілді
В. Парсылардың бояуларымен безендірілді
С. Босфор мемлектінен әкелінген құс қауырсындарымен безендірілді
Д. Әр түрлі моншақтармен безендірілді
Е. Мысырда әкелінген алтындармен безендірілді
11. Сарматтар түйе мен сиырды өсіріп пайдалануы:
А. Шұбат пен сүт алу үшін
В. Етке
С. Күш-көлікке
Д. Әскери жорықтарға
Е. Шет елдерге сатуға
12. Сарматтар арасында малшылықпен қатар егіншілік жақсы дамыған өңір:
А. Маңғыстау
В. Арал маңы
С. Үстірт
Д. Бозашы
Е. Жайық бойы мен Қара теңіз жағалауы
13. Отырықшылық көшкен сарматтар:
А. Арал маңындағы сарматтар
В. Үстірттегі сарматтар
С. Бозашыдағы сарматтар
Д. Батыс сарматтар
Е. Маңғыстаудағы сарматтар
14. Сарматтар қой мен жылқы малдарын көп өсірген, оларды неге пайдаланған?
А. Қой мен жылқының етін, сүтін тамаққа пайдаланып, ал терісі мен жүнінен киім-кешек, киіз жасаған
В. Қой мен жылқы етін, жүні мен терісін көршілес елдерге астыққа айырбастаған
С. Қой мен жылқыны салық ретінде көрші тайпаларға салық ретінде төлеп отырған
Д. Қой мен жылқыны қару-жараққа айырбастау үшін пайдаланған
Е. Қой мен жылқыны қалың мал төлеуге пайдаланған
15. Сарматтарға тиесілі Бесоба қорымында жерленгендердің басы қаратылған жақ:
А. Шығысқа
В. Солтүстік-Шығысқа
С. Солтүстікке
Д. Оңтүстік-Шығысқа
Е. Оңтүстік-Батысқа
16. Сарматтардың қабірлерінің пішіні:
А. Үш бұрышты
В. Пирамида тәріздес
С. Тік бұрышты, доңғалақ, сопақ
Д. Көлбеу бұрышты
Е. Доғал бұрышты
17. Сынтас қорымынан табылған аңның мүсіні:
А. Қасқырдың
В. Түлкінің
С. Қарсақтың
Д. Жолбарыстың
Е. Аюдың
18. Аралтөбе қорғанындағы сармат көсемі қазақ жерінен табылған нешінші алтын адам болып есептеледі:
А. Бірінші
В. Екінші
С. Үшінші
Д. Төртінші
Е. Бесінші
19. Сарматтарға тиесілі Аралтөбе қорымынан не табылды?
А. Мумия
В. Қасқырдың мүсіні
С. Жолбарыстың мүсіні
Д. Аюдың мүсіні
Е. Сармат көсемінің қару-жарағы, әшекейлі бұйымдарынан басқа абыз асатаяғының бөліктері
20. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын қоныстанған сарматтар кәсібінің маңызды саласы:
А. Балық аулау
В. Бақташылық
С. Егіншілік
Д. Аңшылық
Е. Терімшілік
21. Сарматтардың ескерткіші көп кездесетін жер:
А. Маңғыстау
В. Үстірт
С. Бозашы
Д. Жайық, Елек, Жем өзендері бойы
Е. Арал теңізі жағалауы
22. Үстіртте зерттелген сарматтар дәуірінің ескерткіші:
А. Аралтөбе, Бесоба
В. Бәйте, Терең
С. Сынтас
Д. Алтын-асар
Е. Қостөбе
23. Зерттеушілердің пікірінше, дай-массагеттердің табыну рәсімі:
А. Найзағайға табыну рәсімі болған
В. Суға табыну рәсімі болған
С. Күнге табыну рәсімі болған
Д. Отқа табыну рәсімі болған
Е. Айға табыну рәсімі болған
24. Сарматтардың зергерлері жасаған бұйымдары:
А. Шыңы әшекей бұйымдары
В. Алмас әшекей бұйымдары
С. Янтарь әшекей бұйымдары
Д. Гауһар әшекей бұйымдары
Е. Алтын, күміс, мыс, темір әшекей бұйымдары
25. Сарматтарға тиесілі Бесоба қорымынан табылған құрбандық тақта:
А. Бұғылардың бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта
В. Иттердің бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта
С. Жолбарыстың бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта
Д. Бүркіттің бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта
Е. Тістері ақсиған қасқыр бейнесі бар үш аяқты құрбандық тақта
Достарыңызбен бөлісу: |