Тест биология 10 сынып 1. Жасушалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтін ілім А) Цитология В) Ботаника С) Генетика Д) Биология Е) Зоология
2.Жасушаның барлық органоидтарының орны: A) Жасуша орталығы. B) Лизосома. C) Пластидтер. Д) Ядро. E) Цитоплазма.
3.Майлардың, көмірсулардың синтезделу әрекеті жүреді: A) Вакуольде. B) Тегіс бетті эндоплазмалық торда. C) Гольджи комплексінде.
Д) Ядрода. E) Лизосомада
4. Генетика ғылымының негізін қалаған кім?
А) Г. Мендель; В) Т. Морган; С) Н. Вавилов; Д) И. Ивановский Е) Вернадский
5. Будандастыру нәтижесінде екінші ұрпақта екі белгінің де көрініс беруі: А) біркелкілік заңы; В) өзгергіштік заңы; С) Мендельдің бірінші заңы;
Д) Мендельдің екінші заңы. Е) барлығы дұрыс
6. Жасушаның құрамындағы органикалық зат: A) Калий хлориді B) Cу C) Натрий хлориді Д) Нуклеин қышқылы E) Тұздар
7. Бір жұп белгілері бойынша шағылыстыру: А) полигибридті; В) дигибридті; С) моногибридті; Д)дұрыс жауап жоқ
8. Генетика ғылымы нені зерттейді?
А) сұрыптау мен будандастыруды;
В) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті;
С) адамның шығу тегі мен тарихын;
Д) клетка құрамы мен құрылысын.
E)ұлпаның құрылысы мен қызметін
9.Ферменттер табиғаты жағынан: A) Ақуыздар (нәруыздар) . B) Көмірсулар. C) ДНҚ. Д) Минералды тұздар. E) Майлар.