Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын физика



Дата15.09.2017
өлшемі92,24 Kb.
#33361
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын физика пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.

3.Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушыларының физикадан білім деңгейлерін анықтау.

4.Тест мазмұны:

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10 тапсырма, екінші деңгейде –6 тапсырма, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.



Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:



Тақырыбы



Тақырыпша

01

Жылу құбылыстары

01

Жылулық қозғалыс. Температура. Температураны өлшеу тәсілдері

02

Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері. Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәулелену

03

Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылусыйымдылығы. Отын энергиясы. Жылу процестеріндегі энергияның сақталу заңы

04

Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Меншікті балқу жылуы

05

Булану және конденсация. Қайнау. Меншікті булану жылуы

06

Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы және оны өлшеу

07

Термодинамиканың бірінші заңы. Газ бен будың ұлғаю кезіндегі жұмысы

08

Термодинамиканың екінші заңы. Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і

02

Электр құбылыстары

01

Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электрөткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер

02

Элементар электр заряды

03

Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы

04

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі

05

Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс

06

Конденсаторлар

07

Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр

08

Электр кернеуі. Вольтметр

09

Электр кедергісі. Меншікті кедергі. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

10

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

11

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Электр қыздырғыш құралдар. Балқымалы сақтандырғыштар

12

Әртүрлі ортадағы электр тогы

03

Электромагниттік құбылыстар

01

Тұрақты магниттердің магнит өрісі. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі

02

Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері. Электр қозғалтқыш. Заттың магниттік қасиеттері

03

Электромагниттік индукция

04

Жарық құбылыстары

01

Жарық. Жарық көздері. Жарықтың таралуы. Күн – жұлдыз. Күннің және Айдың тұтылуы

02

Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Жазық және сфералық айналар

03

Линзалар. Линзада кескін алу. Жұқа линза формуласы

04

Оптикалық аспаптар. Көз – оптикалық жүйе

05

Кинематика негіздері

01

Қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті. Векторлар және оларға амалдар қолдану

02

Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру

03

Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі

04

Қисық сызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу

06

Динамика негіздері

01

Ньютонның бірінші заңы

02

Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса

03

Ньютонның үшінші заңы

04

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

05

Дененің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы. Жасанды серіктердің қозғалысы

06

Дененің салмағы. Салмақсыздық

07

Сақталу заңдары

01

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс

02

Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

08

Тербелістер

01

Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар. Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі

02

Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

03

Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер

5. Тест жоспары:

1 жартыжылдық: Жылу құбылыстары - 5 тапсырма

Электр құбылыстары- 5 тапсырма

Электромагниттік құбылыстар - 5 тапсырма

Жарық құбылыстары - 5 тапсырма

2 жартыжылдық: Жылу құбылыстары - 3 тапсырма

Электр құбылыстары - 3 тапсырма

Электромагниттік құбылыстар - 2 тапсырма

Жарық құбылыстары - 2 тапсырма

Кинематика негіздері - 2 тапсырма

Динамика негіздері- 2 тапсырма

Сақталу заңдары – 3 тапсырма

Тербелістер - 3 тапсырма

6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар физика курсынан меңгеруі тиіс:



- ұғымдар: физикалық құбылыстар, физикалық заң, материялық нүкте, траектория, орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш, дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс; гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын
жылу құбылыстары, температура, ішкі энергия және оны өзгерту тәсілдері, жылу берудің түрлері, заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі, жылу машиналары, электр құбылыстары, денелердің электрленуі, электр заряды, электр өрісі, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы, электр тогы, токтың бағыты, электр тізбегі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, ток көздері, токтың жұмысы мен қуаты, газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод, әлемнің құрылымы және дамуы туралы түсініктер, Күн жүйесінің құрылысы, күн жүйесінің планеталары, күннің және айдың тұтылуы, жарық құбылыстары, жарық, жарық көзі, жарықтың таралуы, сынуы, шағылуы, линзалар, линзада кескін алу;

- шамалар: жол, жылдамдық, үдеу, күш, импульс, жұмыс, қуат, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, пайдалы әрекет коэффициенті, ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты, линзаның фокустық арақашықтығы, тербелістің амплитудасы, периоды, жиілігі, толқын ұзындығы;
- заңдар: Паскаль, Архимед, молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз, Ньютон, Кеплер, бүкіләлемдік тартылыс, Гук, механикалық энергияның және импульстің сақталуы.

7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.

8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

9. Тапсырмалар формасы:

Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.



Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет