Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын физика пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.
2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.
3.Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 11-сынып оқушыларының физика пәні бойынша білім деңгейлерін анықтау.
4.Тест мазмұны:
Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде –6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.
Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
Кинематиканың негізгі ұғымдары
|
01
|
Механикалық қозғалыс және оның түрлері. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері
|
02
|
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс. Түзусызықты теңүдемелi қозғалыс және шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалыс
|
03
|
Галилейдің салыстырмалылық принципі. Механикадағы салыстырмалы және инвариантты шамалар
|
02
|
Қозғалыс заңдары
|
01
|
Ньютон заңы
|
02
|
Табиғаттағы күштер. Жердің жасанды серіктері
|
03
|
Сақталу заңдары
|
01
|
Дене импульсi. Импульстiң сақталу заңы. Реактивтi қозғалыс
|
02
|
Энергия және жұмыс. Энергияның сақталу заңы
|
04
|
Молекулалық-кинетикалық теория негiздері
|
01
|
Зат құрылысы туралы көзқарас. Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары
|
02
|
Молекуланың мөлшерi мен массасы. Молекулалардың өзара әрекеттесуi
|
03
|
Молекулалардың қозғалысы.Газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығы
|
05
|
Идеал газдың молекулалық-кинетикалық теориясы
|
01
|
Идеал газ. Идеал газдың кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуі
|
02
|
Температура зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде
|
03
|
Идеал газ күйiнiң теңдеуi. Газ заңдары
|
06
|
Термодинамика негiздерi
|
01
|
Жылудың табиғаты. Термодинамиканың бiрiншi заңы және оны термодинамикалық процестерге қолдану
|
02
|
Табиғаттағы жылу процестерiнiң қайтымсыздығы. Термодинамиканың екiншi заңы
|
03
|
Жылу қозғалтқыштары және қоршаған ортаны қорғау
|
07
|
Электростатика
|
01
|
Электр өрісі туралы ілімнің дамуы.
Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы
|
02
|
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің жұмысы. Өрістер суперпозициясы
|
03
|
Электростатикалық өрістің потенциалдар айырымы. Электр сыйымдылық. Электр өрісінің энергиясы
|
08
|
Тұрақты электр тогы
|
01
|
Электр тогы туралы түсініктердің даму тарихы. Ток күші.
|
02
|
Толық тізбек және тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. Электр тогының жұмысы. Джоуль-Ленц заңы
|
03
|
Металдар өткізгіштігінің электрондық теориясының негіздері. Электрондық теория тұрғысынан Джоуль-Ленц және Ом заңдарын түсіндіру
|
09
|
Электромагнетизм
|
01
|
Магнетизм туралы ілімнің тарихы. Магниттік өріс. Токтардың өзара әрекеті
|
02
|
Заттың магниттік қасиеттері. Аспан денелерінің магнит өрістері. Ампер күші. Магнит индукциясы. Лоренц күші. Ампер және Лоренц күштерін қолдану
|
10
|
Электромагниттік тербелістер мен толқындар
|
01
|
Электромагниттік өріс ұғымының дамуы. Электромагниттік индукция заңы. Индукциялық ток. Айнымалы ток туралы ұғым. Электромагниттік индукция құбылысын пайдалану
|
02
|
Электромагниттік өріс. Электромагниттік өрістің энергиясы. Электромагниттік толқын. Электромагниттік толқындар шкаласы. Жарықтың электромагниттік толқындық табиғаты
|
03
|
Электромагниттік толқындарды пайдалану. Радиобайланыс және теледидар. Радиолокация. Әлемнің электродинамикалық бейнесі. Желілі технологиялар және интернет
|
11
|
Салыстырмалылықтың арнайы теориясының элементтері
|
01
|
Жарық жылдамдығы. Әлемдік эфир проблемасы. Салыстырмалылықтың арнайы теориясының постулаттары
|
02
|
Масса мен энергияның өзара байланыс заңы. Релятивистік және классикалық механика
|
5.Тест жоспары:
1 жартыжылдық: Кинематиканың негізгі ұғымдары – 3 тапсырма
Қозғалыс заңдары – 3 тапсырма
Сақталу заңдары – 3 тапсырма
Молекулалық-кинетикалық теория негiздері – 3 тапсырма
Идеал газдың молекулалық-кинетикалық теориясы – 4 тапсырма
Термодинамика негiздерi – 4 тапсырма
2 жартыжылдық: Кинематиканың негізгі ұғымдары – 1 тапсырма
Қозғалыс заңдары – 1 тапсырма
Сақталу заңдары – 2 тапсырма
Молекулалық-кинетикалық теория негiздері – 2 тапсырма
Идеал газдың молекулалық-кинетикалық теориясы – 2 тапсырма
Термодинамика негiздерi – 2 тапсырма
Электростатика – 2 тапсырма
Тұрақты электр тогы – 2 тапсырма
Электромагнетизм – 2 тапсырма
Электромагниттік тербелістер мен толқындар – 2 тапсырма
Салыстырмалылықтың арнайы теориясының
элементтері – 2 тапсырма
6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар физика курсынан меңгеруі тиіс:
- ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, кеңістік және уақыт, инерциалды санақ жүйесі, материялық нүкте, зат, өзара әрекеттесу, идеал газ, механикалық және электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, атом, квант, фотон, атом ядросы, радиоактивтік, планета, жұлдыз, галактика, Әлем).
- физикалық шамалар (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют температура, жылу мөлшері, период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, индуктивтік, магнит өрісінің энергиясы, байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды).
- заңдар, қағидалар және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);
7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.
8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.
Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
9. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушы 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |