Тест спецификациясы
1. Тест тақырыбы: «Заңнаманы білу» блогы бойынша білім беру ұйымдарының басшылары үшін.
2. Құрастырылу мақсаты: Тест білім беру ұйымдарының басшыларына арналған ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу үшін әзірленген.
3. Міндеті: білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.
4. Тест мазмұны: Тест ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдайтын 80 тапсырмадан тұрады.
Тестке нормативтік құқықтық актілер негізінде құрастырылған тапсырмалар енгізілген ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының еңбек кодексі, "Педагог мәртебесі туралы" - Қазақстан Республикасы Заңы).
Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей (A) - 49 тапсырма.
Екінші деңгей (B) - 25 тапсырма.
Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |