Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?


Үлестірме қағаздармен жұмыс



бет3/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#8056
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

№1

1.Сөйлемдегі синоним сөздерді тап.



Сенің топырағыңда қаншама дүр – дүр батыр, дүл-дүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің.

№2

1.Синоним болатындай тіркестер құрап жаз.



Қырғи қабақ, Қас пен көздің арасында. Бетінен оты шықты. Тас жүрек.

2.Синоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.

№3

1.Төмендегі мәтінен синоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра.



Адамның асқан сұлулығы – оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.

5 .Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс.

70 -жаттығу.

Төмендегі синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтаңдар.

71 – жаттығу



      1. ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып,олардың орнын ауыстырып қолданыңдар.


6. Сабақты қорыту:

    1. Бағалау

2.Үйге тапсырма:

3 Синоним туралы түсінік

4..Ар – намыс туралы білетін қанатты сөздерді, мақал

мәтелдерді жаттау

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы: 19.10.2014

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Ж.Юнусова
Сабақтың тақырыбы: Синоним туралы қосымша түсінік
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға синонимдік қатар туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ой лау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте

Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

2. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
3. Жаңа сабақты бекіту:

1.Оқулықпен жұмыс.

І топ

72 – жаттығу

Мәтіннен синоним сөздерді табыңдар.

Қос сөздерді тауып, оның құрамындағы сөздердің мағынасына назар аударыңдар.
ІІ топ

73 - жаттығу

  1. Мәтінді көшіріп жазыңдар

  2. Мәтіннен синоним сөздерді табыңдар.



74 –жаттығу ауызша орындау.

75 – жаттығуды жазбаша орындау

76 – жаттығуды тақтада орындау.
2.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей

1.Синонимнің омонимнен айырмашылығы неде?
ІІ деңгей

1.көп нүктенің орнына синоним болатын сөздерді қой.

Жанбосын екеуіміз өш, ... едік.

Айбарлы, ...сұлу сымбатты, тосын көзді өзіне сұқтандыра түсті.

2.Синоним сөздерді топтап жаз.

Қашық, әдемі, әдепті, тәртіпті, үлкен, келбетті, өңді, тәрбиелі, дәу, тартымды, алыс, инабатты, алшақ, шалғай, көргенді.
ІІІ деңгей

1.Төмендегі синоним және омоним болатын сөйлемдер құра.

Жастық, ат,қою,жеңіл, бас.

2.Синонимдерді қатыстыра отырып, «Егеменді Қазақстан» атты ойтолғау жаз.
4. Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру. 1. Синоним туралы түсінік.

2.78,79,80 –жаттығулар.


Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ тілі.

Сыныбы: 5

Күні, айы, жылы: 22.10.2014

Тоқсан: І

Мұғалім: Ж.Юнусова
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер.
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға антоним туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой лау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте

Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Синоним туралы түсінік.

2.78,79,80 –жаттығулар.
ІІІ Білім тексеру:

Терме диктант

Әдемі үй. Сұлу қыз. Ескі киім. Көне жазу. Асқар тау. Зәулім ғимарат. Адал кісі. Ақылды адам. Жақсы тұрмыс. Оңды іс. Шұғыл жәрдем. Жедел хабар. Шалғай жер. Қашық жер. Қарулы қол. Қуатты двигатель.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады. Мысал: үлкен – кіші,

суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ

антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды болымсыздық мағына бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады:

Антонимдер Болымды – болымсыздық мағыналар

Жақсы – жаман жақсы – жақсы емес

Ал – бер ал – алма

Көңілді – қапалы көңілді – көңілсіз



Антонимдер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің де оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан мақал – мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер жарыса қолданылады.
VІ Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

        1. Омонимнен антонимнің айырмашылығы неде?

        2. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жаз.

Суық, қатты, төмен, биік, жоқ.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс. І топ

87 – жаттығу

    1. Мәтіндегі тірексөздерді тауып, астын сыз.

    2. Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимін тауып жазу


ІІ топ

88- жаттығу

1.Мәтінен синоним, антоним сөздерді тауып, жеке – жеке жазу

89 –жаттығуды тақтада орындау.

90 – жаттығуды ауызша орындау

91 – жаттығуды жазбаша орындау

VІІІ . Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Антонимдер туралы түсінік

2.91,92 – жаттығулар

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы: 24.10.2014

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

  6. Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар орындау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың антонимнен алған лингвистикалық білімдерін бекіту, сауатты жазуға дағдыландыру, аталған тақырыпты жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

2. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

3.Жаңа сабақты бекіту:

        1. Оқулықпен жұмыс І топ

93 – жаттығу

    • Өлеңдегі антоним сөзерді жұп – жұбымен теріп жазыңдар

ІІ топ

96 – жаттығу

    • Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып көріңдер.

Деңгейлік тапсырма

І деңгей


1.Төмендегі сөздерден антонимдік қатар құра.

Түзу, теріс, қалың, оң, араз, қисық, жұқа, тату, қатты, жыртық, жұмақ, бүтін, артық, қиын, кем, оңай.


ІІ деңгей

1.мақалдардың жалғасын тауып жаз және синонимдердің астын сыз.

А) Ащы менен тұщыны татқан білер,

...........................................................

Ә) Құтты қонақ келсе қой егіз табар,

............................................................

Б) жандыда басың үлкен,

.........................................

ІІІ деңгей

,

Антонимді қатыстырып, табиғат туралы мәтін құра.



V . Сабақты бекіту:
1.Бағалау 2.Үй тапсырмасын беру. 1.Антоним туралы түсінік 2.97-жаттығу


Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ тілі.

2. Сыныбы: 5 «Ә»

3. Күні, айы, жылы: 13.11.2014

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: Табу

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға табу туралы және оның мағыналық, құрамдық түрлері жайында лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,

сөйлем талдау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІІ Білім тексеру:

Терме диктант. Омоним сөздер

1.Ай туды. Тамыз айы. 2.жерді қаз. Қаз қаңқылдайды. 3. Мақта оңтүстікте өседі. Досыңды мақта. 4. Тамыз жаз айы. Дәптерге жаз.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Табу негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты.

Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады.

Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.

Қазақтың ескі әдет- ғұрпы бойынша еклін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарының атын өз атауымен атамайтын болған.

Солардың әрқасысының жақындық долына, жасының үлкен – кішілігіне қарай лайықты ат қоюға тиіс болған. Мысалы: қызға шырайлым, еркежан, бикеш деген.

Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: шешек ауруының атын атаудан қорқып, оны «қорасан» деген

V. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей


1.Төмендегі сөйлемдерден табу сөздерді тап.

Ауыл сонда күзекте шығар деймін. Бақа шешей бар, Көзейқараның үйіндегі келін бар – бәріміз Қосөтердегі ағаштан шөпшек тереміз деп шықтық...

ІІ деңгей

1.Табуға мысалдар жаз.

2. Табуға байланысты пайда болған синонимдерді жаз.

Үлгі

Жоғалған маг – қолды болды.

Жылан – түйме, ала жіп – ұзын құрт.

ІІІ деңгей

1.Табудан синоним сөздердің айырмашылығын айт және оларды мысалмен дәлелде.

2.Қазақтың салт – дәстүріне байланысты ойтолғау жаз.


VІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

101- жаттығу

Мәтіннің ішінен өзгеше қолданыстарды тауып,олардың табу екенін түсіндір.

102 -жаттығу

Қарамен жазылған сөздердің табуға жататынын, жатпайтынын байқап көріңдер.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
VІІІ . Сабақты қорыту:

1.Бағалау


      1. Үй тапсырмасын беру.

        1. Табу туралы түсінік.

        2. 103 - жаттығу

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5 «Ә»

  3. Күні, айы, жылы: 14.11.2014

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың эвфемизм туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Табу туралы түсінік.

2.103 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:

Терме диктант.

1.Ажыландай тоғанды. 2.Адал ақы, маңдай тер. 3.Бет пердесін ашты. 4.Гүлдей солды. 5.Дүниеден озды. 6.Екі туып, бір қалғаным емес. 7.Жолы болды. 8.Зәре құты қалмады.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.эвфемизм әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан. Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.

Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзге ауыстырып айту әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс.Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпа ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, боғы ботқа болу, қырт.

Дисфемизм – әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен адамдар деп есептейді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.


VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:

І деңгей


  1. Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазыңдар.

Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, мес қарын, сасық ауыз.

  1. Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырып жаз.

Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.

ІІ деңгей

1.Ауыз әдебиетінен табу, эвфемизм мысалдар келтір.

2. «Тіл халықтың жаны, кескін – келбеті» атты тақырыпта ойтолғау жаз.


VІІ .Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс

104 -жаттығу

Мәтіндегі дөрекі, әдепсіз қолданылған сөздерді тауып, адамға қалай әсер ететінін айтыңдар.


2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ . Сабақты бекіту:

  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру.

1. Эвфемизм туралы түсінік.

2. 105-жаттығу

3. Эвфемизм сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5 «Ә»

  3. Күні, айы, жылы: 18.11.2014

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

Сабақтың тақырыбы: Дисфемизм

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың эвфемизм мен дисфемизм туралы

  1. лингвистикалық білімдерін кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Эвфемизм туралы түсінік

2.105 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.эвфемизм әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан. Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.

Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзге ауыстырып айту әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс.Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпа ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, боғы ботқа болу, қырт.

Дисфемизм – әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен адамдар деп есептейді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.


VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:

І деңгей


  1. Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазыңдар.

Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, мес қарын, сасық ауыз.

  1. Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырып жаз.

Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.

ІІ деңгей



  1. Мына дисфемизмдердің синонимін тауып жаз.

Оңбаған, қайыршы, жалмауыз, кеңкелес,ұятсыз.

  1. Сөйлеу мәдениетіне байланысты өз ой – пікіріңді жаз.

ІІІ деңгей

1.Ауыз әдебиетінен табу, эвфемизм,дисфемизмге мысалдар келтір.

2. «Тіл халықтың жаны, кескін – келбеті» атты тақырыпта ойтолғау жаз.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:


  1. Оқулықпен жұмыс

106-107 –жаттығуларды орындау.

Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар.
2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.

VІІІ . Сабақты бекіту:


  1. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасын беру.

1. Эвфемизм мен дисфемизм туралы түсінік.

2. 108-109-жаттығу

3. Эвфемизм мен дисфемизм сөздерді қатыстырып, «Адамның жақсы, жаман болмағы - өзінен» деген тақырыпқа ойтолғау жазу.

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5 «Ә»

  3. Күні, айы, жылы: 20.11.2014

  4. Тоқсан: ІІ

  5. Мұғалім: Ж.Юнусова

  6. Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың тұрақты тіркетер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет