Әр түрлітақырыптарға арналған тест тапсырмалар: Лондон – Нью-Йорк бағытындағы кеме Тынық мұхитында батып кетеді. 1 аптадан кейін суға батқан 3 адамды неден өлгендерін анықтау үшін медициналық сараптама жасайды. Сараптама нәтижесі 3 адамды шөлдеп өлген деген қорытынды жасайды. Осы сараптама нәтижесімен келісесізбе?
Иә, келісемін. Себебі .........
Жоқ, келіспеймін Себебі ..........
2.
1. Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңірледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді. Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады.
2.Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді
3.Қанды көмірқышқыл газынан тазартады
4.Көмірқышқыл газ молекулаларын оттегіге айналдырады
2. Кейбір адамдар темекіні тастау үшін никотин жапсырмаларын қолданады. Жапсырма теріге жабыстырылып қанға никотин бөледі. Бұл темекі шегуге құштарлықты азайтып, темекі шегуді тастауға көмектеседі.
Никотин жапсырмаларының тиімділігін зерттеу үшін 100 ерікті темекі шегуші адамдар тобы таңдалып алынды. Бұл топ 6 ай бойы зерттеуден өтті. Зерттеу аяқталғаннан кейін осы топтың ішіндегі қайта темекі шегуді бастамайтын адамдар санымен никотин жапсырмаларының тиімділігі анықталды.
Тәжірибенің келесі жоспарларында қайсысы ең тиімдісі?
3
1.Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады
2.Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағысы келеді
3.Қатысушылар өз еркімен темекіні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді
4. Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды