3. Вакцинация тарихы Мэри Монтегю өте сұлу әйел болған.1715 жылы ол шешек аурынан тірі қалды, бірақ оның денесі тыртықтарға толы болды. 1717 жылы Мэри Түркияда тұрды, ол ондағы әдетте қолданатын егу әдісін бақылады. Бұл жас адамдардың денесіне жарақаттап оған шешек ауруының жеңіл түрінің вирусын енгізу болатын. Кейін бұл адамдар шешек ауруымен ауырды, бірақ ауру жеңіл түрде өткен. Мэри Монтегю егудің қауіпсіздігіне толық сенімді болып, өзінің ұлы мен қызына егу жасатқызады. 1796 жылы Эдвард Дженнер егуді сиырдың шешек ауруымен ұқсас ауруларға пайдаланып, шешекке қарсы антидене жасауға қолданды. Шешек егуімен салыстырғанда бұл егудің кері әсері азырақ болды және егуден кейін ауру бір – біріне жұқпады. Бұл әдіс вакцинация деп аталады.