Тренировочные тесты 6 курс интерны каз
1
*! Аймақтық дәрігерге 8 айлық баланың ата-анасы қаралды, 3-ші күні ауырған. Ол жедел ауырды: дене қызуы 37,8оС, мұрыннан су ағу, жөтел, аурудың 2-ші күні жөтел жиіленді, ентігу пайда болды. Қарау кезінде: баланың дем шығаруы қиын, тыныс алу жиілігі 54 рет 1 мин.
БАБЖ бойынша қандай категория баланың жағдайына сәйкес келеді:
* Пневмония. Астмоидты тыныс алу++
* Пневмония жоқ. Астмоидты тыныс алу
* Ауыр пневмония.
* Демікпе
* Ауыр емес пневмония
2
*!3 жасар бала жедел ауырып қалды. Аурудың басталуынан 4 сағат өткен соң теріде жұлдыз тәрізді геморрагиялық бөртпе пайда болды; ерін цианозы; ентігу; қан қысымы қалыпты; тахикардия; гиперестезия; диурез сақталды. Бала қозу жағдайда. Аймақтық дәрігер шақырылды.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
* Менингококцемия, найзағай тәрізді түрі, ИТШ-I дәрежелі++
* Менингококцемия, найзағай тәрізді түрі, ИТШ-II дәрежелі
* Менингококцемия, найзағай тәрізді түрі, ИТШ-III дәрежелі
* Менингококкты инфекция, менингит
* Менингококцемия + геморрагиялық васкулит
3
*! 13 жастағы ұл балаға жедел жәрдем шақырылды. Қарау кезінде менингиальды белгілер, құрысулар, есінің жоғалуы, брадикардия анықталды. Осыдан бір апта бұрын ол аллергиялық бөртпемен бірге ЖРВИ-мен ауырды. Теріде пигментация, кебек тәрізді қабыршақтану бар.
Бұл жағдайда қандай алдын ала диагноз ең ықтимал болуы мүмкін:
* герпетикалық менингоэнцефалит
* токсикалық-аллергиялық энцефалит
* желшешек менингоэнцефалиті
* қызылша менингоэнцефалиті++
* энтеровирустық этиологиялы серозды менингит
4
! Аймақтық дәрігерге 4 айлық қыздың ата-анасы қаралған. Ол дене қызуының 38ºС дейін көтерілуден жедел ауырды. Тамақтану мен сұйықтық ішуден кейін қайталамалы құсу, тәулігіне 8 реттік "батпақты балшық" түріндегі сұйық қоңыр-жасыл түсті нәжіс. Қарау кезінде жағдайы ауыр, мазасыз, айқын шөлдеу байқалады. Тері бозғылт, периорбитальды цианоз. Ерні құрғақ. Үлкен еңбегі кіріңкі. Жүрек тондары тұйықталған. Мәрмәр, аяқ-қолдардары салқын. Пульс әлсіз, жіп тәрізді. Іштің орташа ісінуі, аш ішектің бойымен құрылдау.
Аталған алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
Достарыңызбен бөлісу: |