testent.ru стр. 04.11.2016
Казахский язык - Тесты ВОУД 2013
1 вариант
1. Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Уақыт, мезгіл, кеш.
B) Бала, дана, ғалым.
C) Орын, оймақ, отын.
D) Ел, ер, ау.
E) Қант, кең, кел.
|
2. Түбір тұлғасы сақталып жазылатын біріккен сөздерді анықтаңыз.
A) Ақсүйек, күркетауық.
B) Жазғытұрым, биыл.
C) Әкел, әпер.
D) Күздігүні, ендігәрі.
E) Амангелді, қолғанат.
|
3. Қосымшасы дұрыс жалғанбаған қысқарған сөзді көрсетіңіз.
A) АН – 24 тің.
B) 23 см-ден.
C) КСРО-ға.
D) М. Жұмабаевпен.
E) ҚХР-дың.
|
4. Меңгеруді табыңыз.
A) Асқар – мұғалім.
B) Қызыл жалау.
C) Айгүлдің сыныптасы.
D) Гүлді суарды.
E) Қатты қиналды.
|
5. Мезгіл, мекен, бағытты білдіретін сөйлемді белгілеңіз.
A) Толымды сөйлем.
B) Атаулы сөйлем.
C) Жай сөйлем.
D) Құрмалас сөйлем.
E) Жақты сөйлем.
|
6. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Жігіт келісіп, қызды үш жылда жұмысқа үйрету уәдесін береді.
B) Оу, халайық, көріп тұрсыздар, мына жануар шын анасы екен.
C) Сөйтіп, үшеуі кешкі асты бірге ішті.
D) Ендеше, еңбек еткен ішіп-жейтін болар.
E) Рас, аруана ботасын танып тұр.
|
7. Үстеуден болған синонимдерді табыңыз.
A) Тез, жылдам, шапшаң, лезде.
B) Ақылды, саналы.
C) Дидар, шырай, рең, түр, түс.
D) Сабырлы, салмақты, байсалды.
E) Амандасу, сәлемдесу, есендесу.
|
8. Буын үндестігі сақталмаған сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Пәлеқор, паһ-паһ, патриот.
B) Пендешілік, арамдық, көреген.
C) Пәлен-түген, пәрменділік, педагог.
D) Пәлен-пәштуан, патогенез, патшағар.
E) Пиғылдас, пәнаралық, жұмыскер.
|
9. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
A) Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол.
B) Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді.
C) Көпір үстінде ағылып жатқан машиналар.
D) Махмұт байсалды оқып, сапалы білім алу жолына түсті.
E) Шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен.
|
10. Туынды сын есімді тіркесті табыңыз.
A) Биік тау.
B) Қамысты жер.
C) Көк ала бұлт.
D) Жұқа көйлек.
E) Жылы үй.
|
11. Сұрау есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.
A) Маған қарама.
B) Өзімен-өзі отыр.
C) Қай оқушы.
D) Әлдекім кірді.
E) Олар адасты.
|
12. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Мерейге бұл ұсыныс ұнады.
B) Анасын барлығы ұқты.
C) Сіздер өз орындарыңызға отырыңыздар.
D) Мұхтар Әселді көрсе игі еді.
E) Жақсы азамат болса екен.
|
13. Көмекші мәндегі етістікті табыңыз.
A) Мезгілі жетсе, мұз ерір.
B) Қарасаң келбетіне,
Тұмсығы найзадай.
C) Қыздың атын сұрап қалу керек еді.
D) Атадан жаман ұл туса, қалдырады ұятқа.
E) Бал салмаса, ара қасиетсіз.
|
14. Анықтауышты табыңыз.
A) Ол әдейі кірді.
B) Оқушылар емтиханды ойдағыдай тапсырды.
C) Күресуге дәрмен жоқ.
D) Қайсар биыл мектепке барады.
E) Талабы бар жігіт жерде қалмайды.
|
15. Сұрау белгісі қойылатын қатарды табыңыз.
A) Сен де Көкшені жиі еске алатын шығарсың
B) Шіркін, Көкшенің көк сеңгірі
C) Қош бол, сәулем, көргенше
D) Көңілді кештер жиі болушы еді
E) Әттең, жастық шақ-ай
|
16. Сөйлемнің стилін көрсетіңіз.
А.Байтұрсынов «Айқап», «Қазақ» газеттерін ашып, қазақ зиялыларын жұмысқа шақырды.
A) Ғылыми.
B) Көркем әдебиет.
C) Публицистикалық.
D) Ауызекі сөйлеу.
E) Ресми іс-қағаздар.
|
17. Анықтауыш қызметіндегі көнерген сөзді табыңыз.
A) Қауқиған тонының сол жақ өңірі сауыс-сауыс.
B) Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр.
C) Патсайы көйлегінің өңірі ашылып қалыпты.
D) Итиіп қара шекпен келіп қонса,
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің.
E) Ол кезде олардың бәрі балаңдау шағы еді.
|
18. Күрделі үстеуден болған сын-қимыл пысықтауышты табыңыз.
A) Көзімше ғайбаттағаның не?
B) Осылайша ән салсам, көңіліңе ұнай ма?
C) Біз жөн сұрасып, тез шүйіркелесіп кеттік.
D) Аяғы тайып кетіп, шалқасынан құлады.
E) Қараңғылыққа да бірте-бірте көз үйрене бастады.
|
19. Аралас құрмаласты табыңыз.
A) Ол қалаға кеше келген, бірақ баратын жерінің мекен-жайы өзгеріп кетіпті, сондықтан анықтама бюросына келеді.
B) Ол үйге келіп, кітабын іздеп көргенмен, оны еш таба алмадым.
C) Ерте келсек те, тапсырманы орындасақ та, бізге рақмет айтқан ешкім болмады.
D) Күн ашық болғандықтан, орталық алаңға жиналдық, – кешегі жоспарымызды жүзеге асыра алмадық.
E) Ол газетті ашса да, интернетке қараса да, әлгі оқиға туралы таба алмады.
|
20. Сөйлемге керекті тыныс белгілерін көрсетіңіз.
− Тоқтаңыз Түсірілім жүріп жатыр деді кезекші.
A) Нүкте, сызықша.
B) Нүкте, көп нүкте.
C) Сызықша, қос нүкте.
D) Леп белгісі, сызықша.
E) Нүкте, үтір мен сызықша.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
2 вариант
1. Бірыңғай жуан бітеу буынды сөзді табыңыз.
A) Тапсырма.
B) Таңда.
C) Жиналды.
D) Қалдыр.
E) Тапшы.
|
2. Біріккен сөзді көрсетіңіз.
A) Ер Тарғын.
B) Бала-шаға.
C) Оқу-ағарту.
D) Қасқабұлақ.
E) Жолаушы.
|
3. Көйлек-көншек, ыдыс-аяқ, көрпе-жастық қандай сөздер екенін табыңыз.
A) Біріккен сөздер.
B) Қысқарған сөздер.
C) Дара сөздер.
D) Тіркесті сөздер.
E) Қос сөздер.
|
4. Қиысуды табыңыз.
A) Жап-жаңа етік.
B) Мектептен шықты.
C) Жерге қонды.
D) Мұхтардың шығармасы.
E) Есімім –Жібек.
|
5. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Оның арманы – ел бірлігін сақтау.
B) Баяу ескен қоңыр жел.
C) Туған жерге туың тік.
D) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.
E) Сабақтан кешігуге болмайды.
|
6. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Сондықтан да болар, бір сағат уақыты болса, генерал әскери бөлімшелерге тартып кетеді.
B) Олай болса, мен кеттім, өздерің шеше беріңдер.
C) Әсірептің қолы тимей жүр-ау, сірә.
D) Мүмкін, мен бұл істі аяқтай алмайтын шығармын.
E) – Әке-ау, заман оқығандікі ғой, - деді Ақбілек.
|
7. Сөйлемнен омонимдерді табыңыз.
A) Тауды аралағанда тынығасың.
B) Зерек адам шапшаң ойлайды.
C) Би үйірмесі жұмыс істейді.
D) Ой алысқа жетелейді. Ол мұз ойды.
E) Мал тегіс қорада тұр. Бұл ауылдың малы көп.
|
8. Берілген қатардан кейінді ықпалды табыңыз.
Батырлар көзсіз ерлікке жиі баратын.
A) Жиі.
B) Көзсіз.
C) Ерлікке.
D) Баратын.
E) Батырлар.
|
9. Күрделі сөзді белгілеңіз.
A) Бес, алты.
B) Айлық, жақсылық.
C) Адамға, баланың.
D) Жоғары-төмен, биік-биік.
E) Зат, сан.
|
10. Қатыстық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Заттың түр-түсін, сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы анықтайды.
B) Сөзге қосымша мағына үстейді.
C) Зат есімнің орнына жүреді.
D) Негізгі түбір сын есімнен болып, заттың сипатын, түсін тікелей анықтайды.
E) Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары арқылы жасалады.
|
11. Болымсыздық есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.
A) Бірнеше оқушы.
B) Олжас ашуланды.
C) Ешкім білмейді.
D) Айжан келді.
E) Мына парта.
|
12. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Әсеттер балық аулады.
B) Аспанда жұлдыздар жымыңдайды.
C) Күн мен түн теңеледі.
D) Мұражайға бардық.
E) Сен осы жерде тұр.
|
13. Көмекші етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Инең болса – иінің бүтін.
B) Қорықсаң, от жақ.
C) Түйе мініп, қой арасына жасырынбас.
D) Тез алып келіңіз деген еді.
E) Еңбек етсең, еленерсің.
|
14. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.
Оқу – біздің басты мақсатымыз.
A) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
B) Бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
C) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы негізгі сан есім.
D) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш етістіктен жасалған.
E) Бастауыш сын есімнен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
|
15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Біреу көмектесер деп – ол үйден шықты.
B) Ол оған сөз берді, – ертеңіне уәделі жерге келмеді.
C) Сабақ басталғалы – бұлар жиі сөйлесіп отырды.
D) Бәйгеге түсіп жарыспай – ат өнері білінбес.
E) Олар үйге тезірек жетпек болып – аттарына қамшы басты.
|
16. Қоғамдағы маңызды тақырыпты көтеріп, мәнін ашып, бұқараға ақпарат беретін стильді белгілеңіз.
A) Ғылыми.
B) Көркем әдебиет.
C) Ресми іс-қағаздар.
D) Ауызекі сөйлеу.
E) Публицистикалық.
|
17. Анықтауыш қызметіндегі неологизм сөзді табыңыз.
A) Банкіден несие алып, соның ақшасына алты жүз бас қой сатып алған.
B) Атақты әнші Жүсіпбек Елебековтің үнтаспаға басылып алынған әндері көп.
C) Зейнеткерлік жасына жеткен Сәкеңе зейнетақы тағайындалды.
D) Қазақстан Президентіне Лондонда осындай құрмет көрсетілді.
E) Жақсы ат алған шаруа қожалығының қадамы нұрлы да құтты екен.
|
18. Негізгі үстеуден болған мезгіл пысықтауышты табыңыз.
A) Азамат ерте оянды.
B) Раушанмен оқта-текте сырласпайды, мұңдаспайды.
C) Таңертеңнен бір сұлу қыз суға келеді.
D) Сәнжан жолшыбай бір ескі шелек тауып алыпты.
E) Бүгін аурухананы қамап, жұмысшылар кетпей қойды.
|
19. Себеп бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған.
B) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
C) Аспанда жатқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады.
D) Аңсаған шөлде су тапса, бас қоймай ма бастауға.
E) Қасқыр мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
|
20. Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Жауды жеңген нағыз батыр сенсің, сарбазым
A) Леп белгісі.
B) Нүктелі үтір.
C) Жақша.
D) Нүкте.
E) Сұрақ белгісі.
|
3 вариант
1. Бірыңғай жіңішке бітеу буынды сөзді табыңыз.
A) Табыс.
B) Қолдану.
C) Мектеп.
D) Көрсету.
E) Бөлмелер.
|
2. Түбір сөзді ажыратыңыз.
A) Таулы.
B) Сауын.
C) Өнім.
D) Шебер.
E) Жолдас.
|
3. Біріккен сөзді табыңыз.
A) Хабар, хабаршы.
B) Әлдеқайдан, бүкілодақ.
C) Тақсыр, иман.
D) Бөкен жүріс, халық әндері.
E) Ерлі-зайыпты, енелі-балалы.
|
4. Сөздердің шылау арқылы байланысуын табыңыз.
A) Үлгілі оқушы.
B) Түйеге міну.
C) Өтемақы төлеу.
D) Отан үшін күрес.
E) Ата-анасы келді.
|
5. Жақты сөйлемді табыңыз.
A) Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.
B) Жазықтыны жазалар болар.
C) Едіге ұзақ жол жүрді.
D) Айтуға ауыз бармайды.
E) Сонда менің ауданға баруым керек пе?
|
6. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Пай-пай! – деп ақсақалдар риза болды.
B) Алақай, ауылдан атам келді! – деді бала.
C) Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
D) Шынында, айтқаныңыз дұрыс болды ғой, - деп сөзін қостады.
E) Бәсе, бізге хабар соңынан жеткен ғой, - деп бала асыр салды.
|
7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.
A) Жастық шақта жалында.
B) Жас баланың ойыны қанбас.
C) Өне бойың егіліп, жас ағады аулақта.
D) Бұлақ көрсең, көзін аш.
E) Тоқсанға келген жасым бар.
|
8. Соңғы буында ә, я дыбыстары бар сөздерге қосымшаның қалай жалғанатынын белгілеңіз.
A) Қатаңнан басталған қосымша жалғанады.
B) Ұяңнан басталған қосымша жалғанады.
C) Жуан қосымша жалғанады.
D) Жіңішке қосымша жалғанады.
E) Үндіден басталған қосымша жалғанады.
|
9. Дара баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
A) Мен бұл қыздан күдерімді үзіп тұрмын.
B) Бұл – біздің ортақ үйіміз.
C) Ауыл мәдениеті бірқалыпты өсіп келеді.
D) Олар бүгін ерекше қуанышты.
E) Оның ең үлкен кемшілігі – өтірік айту.
|
10. Қатыстық сын есім қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
A) Туған жерге жер жетпейді.
B) Әдемі гүл шоқтарын ұсынды.
C) Ауыл сыртында әдемі көрініс туып еді.
D) Таулы өлкенің ауасын сағындым.
E) Өзеннің суы таяз болғанмен, жағасы тік.
|
11. Өздік етіс жасайтын жұрнақты белгілеңіз.
A) -ға, -ге, -қа, -ке.
B) -ын, -ін, -н.
C) -ыс, -іс, -с.
D) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз.
E) -ыл, -іл, -л.
|
12. Бейнелеуішті табыңыз.
A) Шапалақ сарт етті.
B) Атам селк етті.
C) Асқар дүңк ете қалды.
D) Дауыс саңқ етті.
E) Ұшақ жоғары көтерілді.
|
13. Шектік демеулікті табыңыз.
A) Бірге.
B) Сайын.
C) Қатар.
D) Таман.
E) Ғана.
|
14. Тура, жанама толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Өз міндетін атқара береді.
B) Ыдыстар арқылы су ағып тұрады.
C) Өмір маған армандауды үйретті.
D) Жарық екі ыдыстан да өтіп кетті.
E) Бақылау қондырғысы қарапайым болып шықты.
|
15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
A) Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
B) Көп сөз – күміс; аз сөз – алтын.
C) Көп – сөз күміс, аз сөз – алтын.
D) Көп сөз, күміс, аз сөз – алтын.
E) Көп сөз күміс – аз сөз – алтын.
|
16. Өтініш, қатынас қағаздары, сенімхат, жеделхат, түсініктеме қай стильге жататынын белгілеңіз.
A) Ауызекі сөйлеу.
B) Ғылыми.
C) Көркем әдебиет.
D) Публицистикалық.
E) Ресми іс-қағаздар.
|
17. Баяндауыш қызметіндегі неологизм сөзді табыңыз.
A) Ер-азамат белгісі – түзде мырза, үйде құл.
B) Өсімдіктердің тез әрі нәрлі болып жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір орын – жылыжай.
C) Өзіне үш жүз гектар жайылым мен жүз гектар суармалы жер тиген.
D) Трамвай тарсылы естілмейді.
E) Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы баспа бетінде көп жазылды.
|
18. Пысықтауыш қызметіндегі мезгіл үстеуді табыңыз.
A) Бұл батыр әскер басы болған соң, күні-түні жарақтанып жүреді.
B) Базар Шоң есіне тағы бір тың ой салды.
C) Соғыстан басқа амалын қараңдар.
D) Етпетінен жатқан бала дүрбіні көз алдына әкеліп, қарана бастады.
E) Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
|
19. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта жөнелді.
B) Жылым өзін-өзі сызғылай отырып, толассыз ілгері жылжи береді.
C) Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл.
D) Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.
E) Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас лақтырады.
|
20. Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Өлеңді ақындар жазады ғой, ал мен
A) Нүктелі үтір.
B) Нүкте.
C) Көп нүкте.
D) Сұрақ белгісі.
E) Леп белгісі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |