Тестирование 1 (Раздел «Экология»)


Рефератты дайындаудың әдістемелік нұсқаулығы



бет32/37
Дата04.01.2022
өлшемі113,16 Kb.
#109262
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Экологиялық нормалау негіздері және сараптама

2.1 Рефератты дайындаудың әдістемелік нұсқаулығы

 

Жеке тапсырмалар білімді тереңдетуге және зерделеуге арналған. Сыртқы және қашықтықтан оқитындар үшін бақылау жұмысы бағалаудың негізгі түр болып табылады. Бақылау жұмысының негізгі мақсаты– берілген пән бойынша студенттің оқу материалын түсінгендігін бақылау.



Өзіндік жұмысқа келесі реферат тақырыптары ұсынылады:

 

1. ҚР экологиялық құқық классификациясы, объектілері



2. Табиғат пайдаланудың түрлері, формалары.

3. Табиғат пайдаланудың объектілері және субъектілері

4. ЭС бірінші реттік және қайталама сатылары.

5. ЭА даму болашағы

6. ҚЭС құзыреті, тіркеу рәсімдері

Реферат 8-10 бет көлемінде, А4 форматында , «жұмсақ» переплетта жасалады. Реферат бағасы қорғау барысында қойылады. Рефераттың максималды бағасы – 35 балл.

Студенттің өзіндік жұмысы кестеге сәйкес және теориялық материалды өзіндік оқумен орындалады.

Күндізгі бөлм студенттері екі өзіндік жұмыс орындайды және олар төменде көрсетілген:

1. Экологиялық аудит

2. Экологиялық сақтандыру

Сыртқы бөлім студенттері үшін бақылау жұмысының тақырыптары келесідегідей:

1. ҚОӘБ


2. Қоғамдық экологиялық сараптама

3. Мемлекеттік экологиялық сараптама

 

Бақылау жұмысы және рефераттарды орындаудың талаптары:

Өзіндік жұмыстарды (бақылау жұмысы және рефераттарды)орындауға келесі талаптар қойылады:

· Өзіндік жұмысты студенттің өзі орындау қажет, әртүрлі ақпараттардан алынған мәліметтерді негізге ала отырып, автордың өз ойы болу керек.

· Өзіндік жұмыстың мазмұны автор атынан жазылуы қажет.

· Рефераттың немесе бақылау жұмысының мақсаты мен міндеті түсінікті және қарастырылған мәселеге қатысты болуы керек.

· Өзіндік жұмыстың мазмұны тақырыпқа сай және мәселенің жәй күйін айқындау қажет, мәселені шешу деңгейі жұмыста тиімді болу қажет.

· Өзіндік жұмысты жасағанда ақпараттың 7 ден кем емес көзін қолдану керек.

· Жұмыста нақты ұсыныстар мен қорытынды жазылуы қажет.



Бақылау жұмысы және рефераттарды орындаудың құрылымдық талаптары:

Бақылау жұмысы және рефераттарды орындаудың құрылымдық мазмұны:

Мұқаба парағы (бақылау жұмысы және рефераттардың бірінші беті)

Мазмұны (мазмұнына: кіріспе, барлық бөлімнің атауы, бөлімшелер, тапсырманың негізгі бөлімінің пунктері және подпунктері, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімі) жазылады.

Кіріспе (кіріспеде бақылау жұмысында немесе рефераттарда қарастырылатын мәселе қысқаша жазылады)

Негізгі бөлім (бақылау жұмысында немесе рефераттардың негізі жазылатын бірнеше бөлімнен тұрады)

Қорытында немесе түйіндеме (алынған жұмыс нәтижесі, ұсыныстар жазылу арқылы баға береді).

Бақылау жұмысы және рефераттарды рәсімдеу талаптары:

Бақылау жұмысы және рефераттарды рәсімдеуге келесі талаптар қойылады:

· Бақылау жұмысы және рефераттарды рәсімдеу А4 форматта (210х297), текст беттің бір бетіне басылады;

· Шрифт параметрлері - Times New Roman, сызба- әдеткі, шрифт кегелі- 14 пункт, текст түсі – авто (қара);

· Абзац парметрі: тескті түзету– беттің ені бойынша, алдыңғы жолдан артқа қарай жүру – 1,25 мм, жол аралық интервал-Бірлік;

· Беттің шекарасы мұқаба бет үшін: жоғарғы және төменгі алаң үшін– 20 мм, оң және сол жақ үшін– 15 мм;

· Қалған беттер үшін: жоғарғы және төменгі алаң үшін– 20 мм, сол алаң үшін– 30 мм, оң алаң үшін– 15 мм;

· Мұқаба парағында жоғарғы орынның атауы, реферат тақырыбы, оқу курсы, топ номері, оқу курсымен түрі, автордың А.Ж.Т., ғылыми жетекшінің (тексерушінің) А.Ж.Т., жасалған жұмыстың жылы мен орны көрсетіледі.

· Бет араб цифрларымен номерацияланады. Реттік номерді беттің төмен жағынан ортаға қояды;

· Бет номерациясы мұқаба беттен басталады, алайда мұқаба бетке және «Мазмұны» бар бетке номер қойылмайды, келесі бетке 3 саны (үшінші бетке) қойылады;

· Өзіндік тапсырманың негізгі бөлімінің тексті бөлімшелерге, пунктерге, подпунктерге бөлінеді;

· Көрнекіліктер (суреттер, кестелер, сызбалар) және таблицалар бөлек бетке шығарылған болса, жалпы номерациямен жүреді.

· Әдебиетке сілтемені тік жақшаларды көрсетеді, мысалы: : [1 – 3], мұндағы 1 – 3 ақпарат көзінің реттік номері;

· Ақпарат көзінің тізімін тексте келтірілген санмен салуға болады, авторлардың тегін немесе тақырып атауына сай кезекті ретте, яғни білім алушыға ыңғайлы түрде жазуға болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет