Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу рәсімі
Мемлекеттік эколгиялық сараптаманы экологиялық сараптама объектілерін қарау, талдау және бағалау жолы арқылы:
1) сараптамалық органдардың штаттық қызметкерлері;
2) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптамалық органдардың басшылары құрған сараптамалық комиссиялар;
3) Министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, мекемелер және ұйымдардың, оның ішінде шет елдердің өкілдерінен – объектілердің қоршаған ортаға күрделі әсерлері бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде, тұратын салааралық сараптамалық комиссиялар жүргізеді.
Сыртқы сарапшылар ұсынылған құжаттаманың қаралуын ұйымдастырады және сараптамалық органдарға қорытынды ретінде ұсыныстар мен ескертулерін ұсынады. Сыртқы сарапшылардың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие болады.
Оның барысында сараптамалық органдар материалдарды қарауды және сараптама объектінің бағалауын жүргізетін және дәлелденген және объективті сараптамалық қорытындыны қалыптастыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың рәсімі біртіндеген сатылардан тұрады да мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінішті (хатты) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінде тіркеуді;
2) сараптамаға жіберілген материалдардың, деректемелердің толығы және бар болуы тексерілуде айқындалған, көзделген шаруашылық қызметтің ҚОӘБ және оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеуді қоса алғанда, алдын ала сараптаманы;
3) сараптаманың қажетті деңгейін анықтауды, материалдарды бағалауды және талдап өңдеуді, көзделген немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің экологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін, сараптама объектілерін іске асырудың жеткіліктігі мен шындығын қарастыратын сараптаманың негізгі сатысын;
4) жекелеген сараптамалық бағалар мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, материалдарды келісу немесе келісуден бас тарту туралы сараптамалық қорытындыны дайындауды қамтитын сараптаманың қорытынды сатысын.
Алдын ала сараптама сатысының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттама, одан әрі қаралмайды және қаралмау себептері туралы хабарлама хатпен өтініш берушіге қайтарылады.
Сараптамалық органдар объектіге мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінімнен мына жағдайларда бас тартуға құқылы:
тапсырушы барлық қажетті құжаттарды ұсынбағанда;
егер ұсынылған ҚОӘБ материалдары немесе экологиялық салдарлар туралы өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келмесе немесе оларсыз объективті шешім қабылдау мүмкін болмайтын қате мәліметтер болса.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібi
1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы:
1) белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор);
2) мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысы табыс етеді.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |