Мектепті «элиталы ету» үрдісіне кейбір тәртіп енгізілді.
1993 жылы Қазақстан Үкіметі Жеке меншік оқу орындарын лицензиялау тәртібі туралы бірінші ережені,
1995 жылы Білім беретін мемлекеттік емес мекемелер туралы ережені бекітті.
1996 жылы Гимназия және лицей туралы ереже қабылданды.
- Республикада орта білім реформасы 1998 жылы неғұрлым жүйелі сипат алды. Шағын мектептер қалпына келтірілді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың жеке өкімі бойынша жергілікті өкімет органдары мектеп сыныптарын тастап кеткен барлық мектеп жасындағы балаларды қайтару шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде білімді басқару органдарының есептері бойынша тек 1998 жылы ғана 21000 бала мектеп парталарына қайтадан отырды.
осы қаулыға сәйкес барлық мектептердің жанында жалпыға бірдей оқу қоры кұрылды
мектеп көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдердің; демеушілік және гуманитарлық көмек есебінен құралатын ақшалай және материалдық қаражат түрінде жасақталды.
. Ол мектептерді ағымдағы ұстауға жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген шығыс сомасының кем дегенде бір пайызы мөлшеріндегі аударым;
Қорлар киім-кешек, аяқ киім, оқулыктар, оқу құралдарын, мектеп үшін жазу керек-жарақтарын, мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру, акшалай көмек көрсету, шипажай-курорт мекемелері мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға, сондай-ақ мектеп оқушыларының мәдени-бұқаралык және спорт іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етуге арналды.
1998 жылғы тамызда Үкіметтің «Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданды,
Сөйтіп, орта білім алудың жалпыға бірдей болуына кол жеткізу мектеп реформасы саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды.
Білім берудің мазмұнында акпараттандырумен қатар жаңа оқу-білім стандарттарын енгізу және оқулықтардың жаңа буынын жасау жетекші бағыттарға айналды.
1999-2000 жылдары мұғалімдіктің материалдық жағдайы жақсару жағына қарай өзгерді. 1998 жылғы дағдарыстан кейін басталған экономикалық ерлеу, ақыр соңында, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, оның ішінде ең алдымен мұғалімдерге жалақыны уақытында төлеуді камтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұның өзі барлық жерлерде педагог кадрлардың тұрақтылығын нығайтуға жәрдемдесті.
Ауылда мұғалімдік кызметтің әлеуметтік беделі күрт артты. Социологиялык зерттеулер 2000-2001 жылдары ауыл халкының мұғалімдерді қазақстандық ауылдың өлшемі бойынша табысы жоғары және тұрақты, материалдык жағынан неғұрлым камтамасыз етілген тобы ретінде қарайтынын көрсетті.
2004 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында прблеманы мектеп жасына дейінгі мекемелерді әртараптандыру, атап айтқанда, отбасылық балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер негізінде мектепке дейінгі кішігірім топтар, «мектеп-балабақша» кешендерін құру жолымен шешу межеленді
2001 жылы оқу-білім саласын қаржыландыруда көптен күткен бетбұрыс байқалды. Ол көп жылдардан бері тұңғыш рет 19,3 миллиард теңгеге айтарлықтай көбейді. Осының есебінен, ең алдымен, мұғалімдерге төленетін жалақы арттырылды (басқа да бюджет мекемелерінің кызметкерлеріне көбейтілгені сияқты 30%-ға артты), сынып жетекшілігі мен демалыс кезіндегі жұмыс үшін үстеме ақы қалпына келтірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |