Мемлекеттік тәуелсіздік жылдары мектепті дамытудын алғашкы елеулі нөтижесі — білім беруді элиталы ету, ол өте тез түрде әлеуметтік теңсіздіктің елеулі факторларының біріне айналды
Мемлекеттік тәуелсіздік жылдары мектепті дамытудын алғашкы елеулі нөтижесі — білім беруді элиталы ету, ол өте тез түрде әлеуметтік теңсіздіктің елеулі факторларының біріне айналды.
Мемлекеттік тәуелсіздік жылдары мектепті дамытудын алғашкы елеулі нөтижесі — білім беруді элиталы ету, ол өте тез түрде әлеуметтік теңсіздіктің елеулі факторларының біріне айналды.
Мектеп жүйесінің бір қиырында тереңдетіп оқытатын және мамаңдандырылған, «көрсетілетін қосымша кызметтерге» ақы төленетін мектептер көбейді.
1990/91 оқу жылынан 1995/96 оқу жылына дейін кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің саны екі есе дерлік көбейді, гимназиялардың саны 16-дан 131-ге дейін, лицейлердің саны - 10-нан 112-ге дейін артты. Бұдан кейінгі жылдары мамандандырылған мектептердің саны азая бастады, ал лицейлер мен гимназиялардың саны өсуін жалғастырды, әйтсе де жоғары қарқыны едәуір белсендеді (1998/99 оқу жылы Қазакстанда жекелеген пәндерді терендетіп оқытатын 1964 мектеп, 195 гимназия және 149 лицей болды).
90-жылдардың ортасында мектепте берілетін білімді дамытуда енді әлеуметтік-экономикалық ортаны өзгертумен байланысты емес, білім беруді басқару органдарының «реформистік» әрекеттерімен байланысты келеңсіз үрдістер пайда болды.
1995-1997 жылдары оқу-білім мекемелерін «оңтайландыру» дейтін жүргізілді, оның барысында 3000-нан астам шағын мектеп жабылды. Бұл мектепке бармайтын ауыл балаларының санын көбейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге көптеген ауылдық қоныстарды соңғы мәдениет ошақтарынан айырды.
Мектеп проблемаларын тікелей мемлекеттік қаржыландыру есебінен шешу мүмкіндіктері жылдан-жылға қысқара берді. 1990 жылдан 1998 жылға дейін ЖІӨ-нен білім беруге жұмсалатын шығыстың үлесі 5,7%-дан 3,7%-ға дейін азайды, ал мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы- 24,5% дан 11,2%-ға азайды.