Тәуелсіз Қазақстанның білім, ғылым саласындағы жаңа бағыты



Дата22.06.2020
өлшемі84,25 Kb.
#74322
түріСабақ
Байланысты:
тарих

Тәуелсіз Қазақстанның білім, ғылым саласындағы жаңа бағыты

  • Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
  • дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
  • мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
  • тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
  • қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы
  • Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
  • мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы
  • біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің
  • жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру
  • үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл
  • қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін
  • дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік
  • қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
  • Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі
  • реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір
  • педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы
  • жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына
  • негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім
  • беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне
  • байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы
  • кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды
  • игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге
  • қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену
  • арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну керек.
  • Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізге Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Бұл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін, қолөнерін және жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді. Орта Азия мен Қазақстанның 8 – 11 ғасырларда араб халифатына кіруіне байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің ықпалы күшейе түсті. Батыс Еуропадағы латын тілі сияқты араб тілі халифат аумағында халықаралық әмбебап тілге айналды. Алайда жергілікті мәдениет пен тіл сақталып қалды. Араб мәдениетін жасауға және дамытуға халифаттың бір кездегі арабтар жаулап алған елдерінен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне мәлім болды. Қалалардың арасында Үндістан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жібек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының географиялық және экономикалық жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-егіншілік аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Отырар (Фараб) қаласы ерекше көзге түсті.
  • Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер, негізінен, ауыл шаруашылығымен байланысты болды. Олар: Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924), Тыңайтқыш және агрономдық-топырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926), 1925 жылы Санитариялық-бактериалдық институт ашылды. Алматы Бас геологиялық к-тінің және Түсті металдар институтының бөлімшелері жұмыс істей бастады. Одақтас және автономиялық республикалардың табиғи қорларын зерттеу жөнінде құрылған ерекше комитет 1920 жылдың басында-ақ Қазақстанды кешенді зерттеу жөнінде шаралар белгіледі. 1927 жылы республиканың табиғи ресурстарын кешенді түрде зерттеу жөнінде КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы құрылып, оны акад. А.Е. Ферсман басқарды


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет