Тәуелсіз елім -кең байтақ жерім



Дата19.10.2022
өлшемі18,78 Kb.
#153960
Байланысты:
Тәуелсіз елім -кең байтақ жерім Маратқызы Сабина
Модуль 1 Проф.ин.яз. эл.конспект лекции Условные предложения Аскарова Р.А.

"Тәуелсіз елім -кең байтақ жерім"
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Әр жанның өзінің туып өскен жері , жүрегіне жақын кең байтақ елі болады .Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елі үшін,жері үшін күресіп,халқының дербес , тәуелсіз елде өмір сүруін қалады .Қазіргі таңда біз өз мақсатымыз ға жетіп , тәуелсіз -Қазақстан атты елде өмір сүріп жатырмыз. Бұл-халқымыздың бірегей тарихы мен мәдениеті, мемлекеттік тілі мен барлық қазақстандықтардың этникалық тілдерін құрметтейтін ұлы бірлігі.
Егер тарихқа көз жүгіртсек, Тәуелсіздік бізге қандай қиындықпен келгенің көруге болады. Қазақстанға тәуелсіздік жолында екі жүз жылдан астам уақыт қажет болды. Ежелгі заманнан бері ата-бабаларымыз біздің жерлерімізді қорғап келді. Патшалық кезеңінде адамдар өлім мен әділетсіздікті, қайғы мен бақытсыздықты көріп,жанына жақын адамды жоғалтудың не екенін білді. Сондай-ақ, Қазақстан халқы біртұтас елдің бір бөлігі бола отырып, Ұлы Отан соғысы жылдарында белсенді қатысып,он мыңдаған батырлар батылдық пен ортақ жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Олардың көпшілігі Отан мен оның болашақ өркендеуі үшін күресте қаза тапты. Дәл осы адамдардың арқасында біз еркін және тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біз оларды есте сақтап, еліміздің нағыз патриоттарымен мақтануымыз керек.
Түрлі сынақтарға төзіп, қиын кезеңдерді бастан өткізген Қазақстан, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл атаулы күнді әрбір қазақстанның азаматы есте сақтауы қажет.Себебі еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Мұның бәрі халықтың бірлігі, ынтымағы мен жарқын болашаққа деген ортақ сенімінің арқасы болса, бұл Қазақстанда тұратын барлық халықтың қажырлы еңбегінің, достығының жемісі.Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзiнiң егемендiгi мен тәуелсiздiгi үшiн күресiп келдi. Өзiнiң ең жақсы қасиеттерiнiң: қатер төнген сәтте бiрiгiп, ұйымдаса бiлуiнiң, сондай-ақ басқа халықтармен бейбiтшiлiк, келiсiм мен тату көршiлiк жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзiнiң мемлекеттiгiн қалпына келтiре алды.», - деп атап көрсеткен еді Бұл жай ғана мереке емес, сонымен қатар халқымыздың достығының жемісі.
Қазақстанда он тоғыз миллион адам, жүз елуден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Ежелден бері кең қазақ даласы түрлі ұлт өкілдерін өзінің жомарттығымен , жерінің құнарлылығымен және климатымен қызықтырған еді. Қазақстан өзінің табиғи ресурстарымен, газ, көмір , қара және түсті металдарымен бай.Осы жетістіктердің арқасында біздің еліміз көптеген халықтың назарын аударып қана қоймай, әлем картасынан ойып тұрып орын алды.
Республикамыз жыл өткен сайын дамып,өркендеп келеді. Тәуелсіздік алған 31 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз аз емес. Бұл – Елбасының , Президентіміздің сіңірген еңбегі. Тәуелсіздік алғаннан кейін экономика, ғылым, мәдениет дами бастады. “Тарихсыз-халық жоқ”-, деген нақыл сөз бекерге айтылмаса керек.Себебі тарих біздің өткеніміз бен бүгініміз!
Қорытындылай келе , «Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім»-, демекші еліміздің дамуына , гүлденуіне өз үлесімізді қосайық!Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны өткенімен байланыстырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастырады. Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақытта ұмытпауымыз керек!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет