«Еуразия» халықаралық кинофестивалі Мәдениет туралы сөз еткенде кино өнеріне тоқталмай өтуге болмайды. Алматы қаласында дәстүрлі түрде өтетін «Еуразия» халықаралық кинофестивалі – ТМД мен Балтық елдері аумағындағы ең маңызды, Халықаралық продюсерлер қауымдастықтарының федерациясы (ФИАПФ) аккредиттеген Орталық Азиядағы жалғыз кинофорум. Film Guide» - «Халықаралық Киногид» жыл сайынғы басылымы «Еуразия» ХКФ әлемнің 35 көшбасшы кинофестивальдерінің қатарына қосты. Фестивальдің концепциясы Батыс пен Шығыс мәдениеті түйіскен елдің геосаяси орналасуына саяды. Сондықтан байқау бағдарламасы Еуропа, Азия, ТМД және Орталық Азия елдерінің фильмдерін қамтиды. Тарихи фильмдер Отандық фильмдер дүркін-дүркін жарық көре бастады. Оның ішінде авторлық және имидждік фильмдер де бар. Қазақстанның тарихы негізінде түсірілген, мәдениетімізді әлемге әйгілейтін фильмдер жарық көрді. 2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді.