Тәуелсіздік күніне арналған сценарий



Дата20.12.2023
өлшемі38 Kb.
#198132
Байланысты:
тәуелсіздік сцен


І

«Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» аптлығының ашылуы


ВИДЕОРОЛИК
Жүргізуші: Иа, бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Сол себепті де Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
Жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
ӘНҰРАН
Жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш.
32 жыл – аз ғана уақыт, десе де біз үшін, Қазақстан үшін тарихтан ойып тұрып орын алуға мүмкіндік берген уақыт. Біз осы уақыт ішінде «мың өліп, мың тірілдік», оған біздің тарихымыз куә. Ендеше, кешегі күнннен бүгінге дейін Қазақстанның жеткен жеітстіктерін саралайық. Ол үшін сөз кезегін 9-сынып оқушыларына береміз.


Диана:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойлаНДЫ.

Інжу:
2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді.
2002 жылы – Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жыл толды.
2009 жылы 1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің ІІІ съезі өтті.
2011 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді.
2012 жылы – «Қазақстан 2050» стратегиясы қабылданды
Шаһизада:
2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды
2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды
2017 жылы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті.
2018 ЖЫЛЫ 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.
2019 ЖЫЛЫ Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
2020 ЖЫЛЫ Елімізде әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750-жылдығы сынды мерейтойлар жалпыхалықтық деңгейде аталып өтті. Алайда COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты көптеген жоспарларға өзгерістер енгізілді.
2021 ЖЫЛЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады.

Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 32 жылда Қазақстанның жеткен жетісігі. Бұл- біз бен сіздің тарихымыз. Біз тарихымызбен мақтанамыз»!




Жүргізуші:
Ән, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Ән. « », орындайтын 6-сынып оқушысы Лукпан Асем.


МӘНЕРЛЕП ОҚУ (БАСТАУЫШ+ЖОҒАРЫ СЫНЫП)


Жүргізуші: 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай 11-15 желтоқсан күндері аралығында апталықтың өтетіндігін айтқым келеді. Апталық барысында өтетін шараларға тоқталып өтейін:

  • 12 желтоқсан – «Тарихы терең – Тәуелсіздік» викториналық ойын, жауаты Бижанова Нұрсауле Базарбаевна.

  • 13 желтоқсан – «Тәуелсіздік – байлығым» мәнерлеп оқу сайысы, жауаптылар: Бижанова Рыскуль Базарбаевна, Мусагалиева Жазира Бкенқызы.

  • 14 желтоқсан – «Жүзден жүйрік» бастауыш сыныптар арасындағы сайыс, жауаптылар бастауыш сынып мұғалімдері.

  • 15-15 желтоқсан күндері аралығында «Тәуелсіздік мен үшін» патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу челленджі өткізіледі. Жауапты Аяпберген Жанаргүл Қыдырбайқызы.

  • 15 желтоқсан – «Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» аптлықтың жабылуы.

Апталық барасында өтетін іс*шараларда белсенділік танытып, қатысасыздар деп сенеміз.


ХОР


Жүргізуші:Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді, қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым болсын. Құрметті көрермендерТәуелсіздікке жету жолындағы сан тарап қиындықтарды, тарихты соның жолында құрбан болған жандарды ұмытпайық. Осымен Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» атты апталығымзыдң ашылу жиыны өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет