Тәуелсіздік тарихы «Желтоқсан желі» әнінің бейне көрінісін көру. Оқушылардан бейне көрініс туралы ойларын сұрау.
1986-шы жылдың желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға Алматы жастарының ереуілі болды. Жастар ел басшысы Қазақ ұлтынан болуды талап етті. Жас өмірін тәуелсіздік үшін өмірін қиып кеткен аға-апаларымыз: Л. Асанова, Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев т.б. жазықсыз сотталып қыршын өлді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты.
Енді 1991-ші жылы Қазақ елінде тәуелсіздік таңы атты. Қазақ елі егемен ел болды. Бұл күн талай-талай қилы заманды басынан кешіріп келген Қазақ халқы үшін ақ жарылқаған күн еді.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан қаһармандарымызға арнап «Желтоқсан қарлығаштары»атты кітап – БолатбекТәңірбергеннің публицистикалық жанрда жазылған. Бұл кітап Алматы қаласы әкімдігінің Ішкісаясатбасқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша 2010 жылы жарық көрген. 191 беттен, 4 бөлімнен тұрады.