Мақсаты:Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру
Көрнекілігі: ҚР 1991-2022 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, фотосуреттер, «Желтоқсан желі» әнінің бейне көрінісі.
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қанға боянып
Қып қызыл мұз боп жатқан күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.