Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары



бет1/6
Дата22.12.2021
өлшемі31,01 Kb.
#127469
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 семинар


Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуметтік реформалар мен оның нәтижелері.

  1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары.

Тәуел­сіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жү­йесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақ­стандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыз­дандырудың, міндетті әлеу­меттік сақтан­дырудың, жинақ­таушы зейнет­ақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыз­дандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның эконо­микалық және қаржылық мүмкін­дікте­рімен айқындалып отырады. Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республи­ка­сының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың айқындап берген Қазақстанды дамытудың страте­гиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемле­кеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған, Қазақ­стан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының страте­гиялық жоспарын жүзеге асыруда. Тәуелсіздік алған 20 жыл – бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақсаттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі. Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басым­дықтары адам капиталын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсат­та жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған. Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтан­ды­рулар және басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-эконо­микалық даму­дың маңызды құралы болып табыла­тынын көрсетті. Дамыған елдер­дің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жү­йелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, эко­номикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр. Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қатынастар субъектілері мүдделерінің – қызмет­керлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады. Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының артуы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері болып табылады. Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес табысы төменгі күнкөріс деңгейі мен азық-түлік себеті құнынан төмен тұрғындар үлесінің төмендеу динамикасы байқалуда. Мемлекет басшысының 2004 жылғы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабі­летті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясын­да Қазақстанда 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақ­тан­дыру туралы» заң қолданысқа енді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру Қазақстандағы жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрін қамтамасыз ететін әлеуметтік-эконо­микалық қатынастардың қажетті және маңызды элементіне айналды. Жұмыс берушілер өзінің қызметкерлері үшін он еселенген төменгі жалақы мөлшері шегіндегі табыстан ай сайын әлеуметтік аударымдар (сақ­тандыру жарналары) төлеп отырады. Сонымен қатар, әлеу­меттік тәуекел жағдайы туындаған қызмет­шілер ғана Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеу­меттік төлемдер ала алады. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақ­тан­­дыруға қатысушылардың шектелген ынтымақтастығы – сақтан­дырудың негізгі принципі орындалады. Келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар және тіркелген жеке кәсіпкерлер, яғни заңды жұмыспен қамтылған халық міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуетті қаты­сушылары болып табыла­ды. Қазақстан тәуелсіздігі жыл­дарында жұмыспен қамтылудың құ­ры­лымы мен деңгейі әлемдік қаржы­лық-эконо­микалық дағда­рыс­тың ық­палында болған экономи­калық жағ­дайға тікелей байла­ныс­­­ты болды. Жүргізілген әлеу­мет­­тік-эконо­микалық реформа­лар­дың нәтижесінде жұмыс­сыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ға төмендеді. Қолданысқа енгізілген сәттен бастап өткен алты жыл ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру тәуелсіз Қазақ­стандағы қазіргі заманғы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі бола білді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілгеннен бастап жүйеге қатысушылар саны 2005 жылғы 3,9 млн. адамнан 2011 жылдың 1 қазанында 6,1 млн. адамға артты. Қазір­гі уақытта әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың 98,4 %-ның табысы 10 төменгі жалақының мөлшерінде. Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен жұмыс істейтін халықтың барлығы дерлік қамтылған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген күннен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2011 жылдың 1 қара­шасына 190 млрд.теңгені құрады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті әлеуметтік сақтан­дырудың тұрақтылығына жетудегі мемлекеттік мақсаттар үшін тең­дес­тірілген шараларды жүргізуге және әлеуметтік сақтан­дырудың жалпыға белгілі әлемдік базалық принциптерін ескере отырып, қолданылатын ресурстардың тиімділігін артты­руға бағытталған. Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциация­сының зерттеулері экономиканың кезеңдік дамуы кезіндегі әлеу­меттік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңыз­ды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жекелеген жетіспеушіліктерін де анықтап берді. Әлемдегі жұмыссыз­дық­тың өсуі салықтық базаның қыс­қаруына әсер етіп, жәр­демақыларды төлеуге қосымша шығындарды қажет етті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде әлеумет­тік шы­ғындар қысқаруда, ал Қазақстанда керісінше, әлеу­меттік шығындар үнемі ұлғайтылып келеді. Президент Н.­Ә.Назар­баевтың 2009-2011 жылдардағы жолдауларына сәйкес бюджет саласы қызмет­керле­рінің еңбекақылары, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсті. Осылайша, әлеуметтік қамсыз­дан­ды­ру жүйесі дағдарыстың әлеу­мет­­тік-экономикалық салдарла­рымен күрес­тің маңызды құралы және экономикалық құлдырау кезеңіндегі тұрақ­тандыру тетігі ретінде пайдаланылды. Бүгінде, әлемдегі барлық халықтың материалдық әл-ауқа­тына, әсіресе, экономикалық өсіміне қауіп төндіретін жаһан­дық қар­жы­лық дағдарыс кезіндегі адамзаттың тұрақты да­муындағы әлеу­меттік қамсыздандырудың рөліне ешкім де күмән келтіре алмайды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары аясында қабылданған әлеуметтік-экономикалық бағ­дарламалар масылдықты болдырмайтын, ең алдымен атау­лылыққа және тиімділікке негізделген халықтың әл-ауқатын жақсартуға және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет