Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік мәселелер және оларды шешу жолдары


Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының басым бағыттары



бет2/6
Дата22.12.2021
өлшемі31,01 Kb.
#127469
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 семинар

2.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының басым бағыттары.

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен экономикалық және қоғамдық сананы жаңғыртуды мұрат еткен Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы іске асырылып жатқаны белгілі. Бұл міндеттердің қатарында әлеу­меттік саланы жаңғырту мә­селесі де бар. Әңгімемізді осы бағытта атқарылып жатқан жұ­мыстардан бастасақ... 

Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы кезеңіндегі басты мақсат – Қазақстанның әлемдегі ең да­мыған 30 елдің қатарына енуі. Бұл маңызды қадам әлеуметтік-еңбек саласына да бірқатар мін­деттер жүктеді. Мұның бәрі ха­лықтың өмір сүру сапа­сын жақ­сартуды көздейді. Бағыт­тардың біріншісі – еңбек нарығын жаңғырту. Осы мақсатта халық­тың жұмысқа орналасуына жәр­демдесіп, отандастарымызды еңбек нарығындағы сұранысы жоғары кәсіптерге қайта оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету секілді жұмыстарға айрықша маңыз беріліп отыр. Азаматтарға кәсіптік-техникалық білім беру орындарында тегін оқуына жағ­дай жасалып, кәсіпті игеруде қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылуда. Осы орайда мемлекет оқуға кететін шығын­дарды өтеп, шәкіртақы төлейтін болады. Жол кіресі де төленіп, оқып жатқан азаматтарға бір реттік ыстық тамақ беріледі. Ал шалғай өңірлерде тұратын аза­маттарға оқу қолжетімді болуы үшін мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ. 



Бұл тұста министрлік қол­ға алған нәтижелі жұмыс­пен қам­туды және жаппай кәсіп­керлікті дамыту бағ­дарламасы шеңберінде бірта­лай шаруа еңсерілгенін атап өткен жөн. Мысалы, осы жылдың 7 айында жұмысқа орналастыру ша­раларының арқасында 213 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 18 мың адам, қо­ғамдық жұмыстарға 61 мыңға жуық азамат жіберілді. Ал 15 мың маман жастар тәжірибесіне жолданса, 120 мыңдай азамат жұмыспен қамту орталықтары арқылы тұрақты жұмыс тапты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет