Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикасының дағдарыстық жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі19,3 Kb.
#90837
  1   2
Байланысты:
8 тарих


1.Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикасының дағдарыстық жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу.
ХХ ғасырдың 90-жылдары басында Қазақстан экономикалық дағдарысқа тап болды. Өндіріс орындары тоқтап, жұмыссыздық көбейді. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындары қиын жағдайларға тап болды, олардың тоқтап қалуы әдеттегі құбылысқа айналды.Тұтынушылық рынок мәселелері барынша шиеленісті, азық-түлік, киім-кешек жетіспеді, алыпсатарлық пен әміршіл-әкімшіл аппараттың сатылғыштығы өсті. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару нәтижесінде оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз ете алмады. Өнеркәсіп пен аграрлық салада болсын өнім өндірудің барлық түрлері төмендеді. Өндірістік қуаттарды, құрылыс объектілерін іске қосу күрт қысқарды. Тұрғын үйлерді, мектептерді, тағы да басқа әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерді салу айтарлықтай төмендеді. Республика осындай ауыр жағдайға тап болған кезде бұрыннан қолданылып келген жоспарлы экономиканы түбегейлі өзгертуді қажет болды. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы материалдық-техникалық қатынастарды жетілдіруде, қаржы салаларында жаңа экономикалық шарт жасасып, достық, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ауыр жағдайдан шығу жолында Қазақстан нарықтық моделін құруды қолға алды. Алайда көптеген қиыншылықтарға тап келді. Тек қана экономикалық жүйені ғана емес, мемлекеттік құрылымды да заман ағымына сай бейімдеу қажет болды. Нарықтық экономикаға көші жолдарын түсінуде шетелдік мамандарға жүгінуге, оларды тартуға мәжбүр болды. Республика экономикасының құлдырауына КСРО-ның ыдырауы да өзіндік әсер етті. Оның үстіне Ресейдегі бағаның босатылуы республиканың жағдайды қиындата түсті. Қазақстан да Ресейдің жүзеге асырған шараларын қайталауға мәжбүр болды. Сөйтіп, 1992 жылы 6 қаңтарда баға босату туралы жарлық қабылдады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев бағаның босатылуына қатысты «Тәуелсіздік дәуірі» деген кітабында: «1992 жылы 6 қаңтарында «Бағаны либерализациялау шаралары туралы» Жарлықпен техникалық өнімдердің, халық тұтынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы босатылды. Жағдайдың күрделілігін түсінген мен Қазақстан халқына Үндеу тастап, онда әзірге балама нарықтың жоқтығын және бағаның көтерілуі инфляцияның күшеюіне тікелей әсер етті, ол 1991 жылы 190 проценке көтерілсе, 1992 жылы 3 мың процентке дейін жетті, халықаралық сарапшылардың бағамдауына сәйкес тіпті бұл деңгейден де асып кетті», - деп жаза келе, бұл оқиғалардың қазақстандық өнеркәсіпке қатты соққы болып тигендігін атап кетті.
Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларының нашарлауы көп ретте Ресейде жүргізілген экономикалық реформаларды ойламастан қайталаудың нәтижесі болды. Елімізде кейбір тауарлар өндірілмегендіктен сырттан әкелгендіктен бағасы шарықтап өсіп кетті.
Республика дағдарыстық жағдайға тап болды. Баға өсіп, өндіріс орындары құлдырады. Жұмысшыларға төленетін жалақы мен зейнетақының уақытында берілмеуі олардың жағдайын одан сайын қиындатып жіберді. Оның үстіне шикізатқа тапшы болған өндіріс орындары тоқтатылды. 1993 жылдың өзінде 130 ірі кәсіпорындардың біразы жұмысын толығымен тоқтатты немесе жартылай тоқтатты. Жұмыссыздардың қатары көбейді. Мәселен, Жезқазған облысында 3,7 есе, Маңғыстау облысында 3 есе, Ақтөбе, Шығыс қазақстан, Қарағанды, Батыс қазақстан және Атырауда 2,5 есесден аса, Алматыда 4 есеге өсті. Ауылдық жерлердегі жұмыссыздардың қатары 44 %-ті құрады.
Жұмыссыздық көлемі салалық жағынан алғанда өнеркәсіп, құрылыс және ауылшаруашылығын да қатыды. Күнкөріс деңгейі төмен адамдардың қатары жыл санап өсе берді. Дағдарыс халықтың бейберекет көшіп-қонуына алып келді. Әсіресе аулыдан қалаға ағылуы үрдісі күшейді.
Қаржының жетіспеушілігінен балабақшалар, мектептер, кәсіптік білім беретін училищелер жабылып жатты. Емханаларда дәрі-дәрмек жетіспеді. Маскүнемдер мен нашақорлардың қатары көбейді. 1993 жылдың қараша айынан ұлттық валюта енгізілген кезден бастап 1996 дейін жылға баға 35 рет өсті.
Осындай қиын жағдайдан шығуда қандайда бір экономикалық реформа жасау аса қажет болды. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлі, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды.
Қазақстан нартық экономикаға көшуді қолға алды. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды. Олар: экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару, нарықтық қатына1старды құру және дамыту еді.
Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғанғ қалыптаса бастаған болатын.
Міне, осындай жағдайда Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң ақша – кредит және қаржы – бюджет саясатына, рубльдің (сомның) біртұтас жылжымалы курсына, сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға және жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, яғни «есеңгіретіп емдеу» саясатына негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.
Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірден-бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Реформаның алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған «есеңгіреу» кеңес өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмайтын қиындығы еді.
Нарықтық экономикаға көшудің құқықтық негіздерін құру мақсатында Республика Парламенттерінде көптеген заңдар мен нормативтік актілер жасалды. Оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы», «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкершілікті дамыту және шаруашылықтағы қызмет бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы шетел инвесторлары», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер» және тағы басқа заңдар кіреді.
Негізінде монополиялық қызметті шектеу туралы заңның мақсаты – нарықты басқару механизмін енгізу, ерікті бәсеке кәсіпкерлікті, республикадағы сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету болды.
Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:
Экономиканы мемлекет иелігінен алу.
Жекешелендіру.
Кәсіпкерлікті дамыту.
Монополияны жою.
Бағаны босату.
Қатал ақша – несие және қаржы саясатын жүзге шыру.
Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалынды. Жекешелекдіру процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтылып, оның негізгі міндетіне мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгелеу, меншіктік құқық беруді дайындау, шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру жатқызылды. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылып, саудада, қызмет көрсету, көлік саласында, құрылыста, ауыл шаруашылығында, инфоқұрылымда мемлекеттік меншіктің шағын және орта нысандары қайта құрылды. Оның үстіне жекешелендіру, былайша айтқанда бастамшылдық сипатта болды, яғни кәсіпорындардың өнімдері бойынша олар аукционға, конкурсқа қойылды немесе еңбек ұжымының меншігіне тегін берілді.
Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандағы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.
Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Бұл кездерде елдегі макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асырумен тұспа-тұс келді. Бұл кезеңнің негізгі міндеті орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіруболды.
Дегенмен көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық процесті реттеуге күш салды.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды. Онда мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын қабылдау, меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру, инвестициялық купондар енгізу сияқты міндеттерді қолға алу тиіс болды.
Барлық меншік Мемлекеттік мүлікті бақару комитетінің қолына көшірілді. Негізінде бұл комитеттің міндетіне меншікті республика азаматырына тегін таратып беру, арнайы төлем құрылдары-жекелендіру инвестициялық купондарын енгізу мәселелері қойылды.
Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына аустыруға және сатуға рұқсат берілмеді. Осы жылдары 200-ге жуық инвестициялық қорлар қурылды. Алайда жекешелендіру бағдарламасы жүзеге аспай қалды.
Экономиканы реформалауда құлдырау процесі орын алды. Өкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға көбейді. Бір сөзбен айтқанда инвестиция мен өндіріс деңгейінің төмендеуі экономиканың құлдырауға түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті.
Дегенмен нарықтық экономикаға өту барысында экономикамызда төмендегідей бағыттар бойынша құрылымдық өзгерістер жүргізілді:
мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауылшаруашылық бірлестіктерін жекеменшікке беру;
экономика құрылымында өнеркәсіптің әсіресе өңеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру. Өнеркәсіптің артта қалған салаларында өнімділікті арттыру үшін және жаңа техникамен технологияларды пайдалану үшін шетел инвестицияларын тарту;
ҒТР нәтижелерін экономиканың барлық саласында кеңінен пайдалану;
жеке кәсіпкерлікті дамыту;
отандық тауардың сапасын жақсарту рақылы дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестігін арттыру;
экономикадағы қажетсіз салаларды басқа салалармен ауыстыру, орта және ұсақ кәсіпорындардың санын көбейту;
Әлемдік шаруашылыққа интеграциалану, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысып, сыртқы сауда құрылымын өзгертіп, экспортқа тек шикі-затты ғана емес, сонымен қатар дайын өнімді шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет