2. Индустриалы – инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және нәтижелері.Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енуі» және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдаулары Қазақстанның 2003-2005 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы қабылданғаны белгілі. Бұл бағдарлама әлемдік дағдарыс жағдайында өндірістің кейбір салаларын алға шығару мүмкіншілігін көрсетіп берген болатын.
Бұл Стратегия елдің тұрақты дамуын, ұлттық экономиканың жаңғыру, әртараптану және жоғары бәсекеге қабілетті болуы арқылы шикізат бағытынан индустриалды-инновациялық даму тарапына қарай өтуін көздейді.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда экономика құрылымын өзгерту және шикізат емес экспортты ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру және энергияның жұмсалуын азайту, индустриалды дамуыд кадрлармен қамтамасыз ету, қаржы жүйесінің мығымдығы, отандық өндірушілер үшін қолайлы кәсіпкерлік климат пен инфрақұрылым қалыптастыру, өнеркәсіп пен ғылыми-техникалық саланы өзара байланыстыру, мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру сияқты маңызды міндеттерді жүзеге асырумаңызды саналды.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың құралы – мемлекеттік қаржы ресурстарын тарту арқылы жаңа өндірістерді қаржыландыру болып табылады.
Даму стратегиясын жүзеге асырудың негізгі құралы мемлекеттік даму институттары – «Қазақстан даму банкі», «Қазақстан инвестициялық қоры» және «экспорттық несилер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» болды. Олардың инвестициялық жобаларды несиелеу үшін, сондай-ақ құрылған кәсіпорындардың жарғылық капитал жинақталуына қатысу үшін қаржы ресурстары жеткілікті еді.
Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мамандандырылған нысандар құрылды. «Теңіз аймағындағы Ақтау», «Астана – жаңа қала» (құрылыс, локомотив құрастыру), «Ақпараттық технологиялар паркі» (аспап жасау), «Павлодар» (химия және мұнай химиясы) арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) қызмет етеді.
Қазақстанның өнімдік бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі – кластерлік жүйесі. Кластер аумақтық өзара байланыс және комплементарлы кәсіпорындар жүйесін ұйымдастыру ретінде қарастырылады, ол өзінің айналасына кәсіпорындар мен аймақтар, ұлттық экономика бәсекелестігін жетілдіру мақсатында жергілікті орындар мен органдарды байланыстырады. Қазақстан кластерінің негізі 2005 жылы салынды. Оның негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының басымды, мықты секторларының бәсекеге қабілеттіліктерін анықтау және олардың дамуы бойынша нұсқаулар жасау. Негізі кластер дегеніміз – бір салада жұмыс істейтін, олардың үйлесуіне жолсалатын, бір-бірімен байланысты және жақын орналасқан кәсіпорындар. Кластер қала, аудан немесе тұтас облысты, сонымен қатар басқа қалалар мен көрші елдерді де қамтуы мүмкін.
Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың алғашқы нәтижелері. Осы стратегияны жүзеге асыру барысында экономикалық дағдарысқа қарамастан республикада өнеркәсіп орындары қарқын ала бастады. Ақтөбе облысы өндіріс орындарын ашуда көш басында тұрса, саны жағынан екінші орында Қостанай облысы тұр. Бұл облыста жүзеге асырылған 18 жобаның 12-і тамақ өнімдері шығара бастады.