6
|
«Өрмекші» әдісі
(постерде)
|
Жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту.
|
Өрмекші сұлбасына меңгерілген материалды пысықтау мақсатында кезең-кезеңдерімен пысықтауға тиімді
|
Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
|
4- тапсырма.
Хоббидің пайдасы туралы кластер жаса. Ойыңды дәлелдеп жаз.
85 бет.
|
7
|
«Қар кесегі»
|
Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.
|
Оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді.
|
Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
|
6- тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Мәтінде не туралы айтылады?
Мәтінге қандай ат қояр едің? Неліктен?
Қиял адамға ғана тән қасиет пе? Неге?
93 бет.
|